Гонгонгтағы қазақстандық студенттер елге қайтарылады

18 Қараша 2019, 17:14
4528
Бөлісу:
Гонгонгтағы қазақстандық студенттер елге қайтарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Гонконгтағы наразылықтардың ушығуына байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі барлық студентке Қазақстанға оралуға кеңес береді. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. 

Гонконгтегі наразылықтың ушығуы және университеттер аумағында, оларға іргелес аудандарда жағдайдың шиеленісуіне байланысты Гонконгтің бірқатар жоғары оқу орындары 2020 жылдың қаңтарына дейін сабақтарды тоқтату немесе қашықтықтан оқыту бойынша онлайн-базаға көшу туралы шешім қабылдады. Гонгонгта оқып жатқан қазақ студенттері де бар. Осыған байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі Гонконгте оқып жатқан барлық студентке Қазақстанға оралуды ұсынады, - деді Айбек Смадияров.

Ол сонымен қатар, еліміздің азаматтарын әзірге Гонгонгта қауіпсіздік әбден тұрақтанғанша бармауды ұсынды.

Еліміздің азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отанына уақытылы оралу үшін "Эйр Астана" әуекомпаниясымен алдын ала сатып алынған билеттердің ұшып келу күнін айыппұл мен бағаның айырмасын төлемей өзгерту мүмкіндігі туралы келісім жасалды. Студенттердің көпшілігінде желтоқсанның соңында елге келетін билеттері бар. Гонконгтегі Қазақстанның бас консулдығы қазақстандық студенттер қауымдастығымен бірлесіп, студенттерді жинау мен әуежайға дейін тасымалдау шаралары жүргізіліп жатыр, - дейді ресми өкіл.

Ол барлық жағдайды Гонконгтегі Қазақстанның бас консулдығының ресми сайтынан бақылап отыруға болатынын айтты. Осыған дейін Қазақстанға 118 студент қайтып келген. Алдағы күндері тағы 40-қа жуық студентті қайтару жоспарланып отыр екен.

Өзгелердің жаңалығы