Елімізде билеттердің 80%-дан астамы электронды түрде сатып алынған

3 Желтоқсан 2019, 16:56
2862
Бөлісу:
Елімізде билеттердің 80%-дан астамы электронды түрде сатып алынған
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл еліміз бойынша 15 млн-нан астам билет сатылған, бұл сатылған билеттердің жалпы көлемінің 80%-нан астамы электронды түрде ресімделген.

Күн сайын онлайн түрде сатып алуға деген сұраныс артып келеді. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы бас директордың корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Асылхан Қалдыкозов бүгінгі брифингте айтып берді. 

"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы темір жол билетін сату қызметін жақсартуда. 

2018 жылдың қорытындысы бойынша, шамамен 15,4 миллион билет, яғни сатылған билеттердің жалпы көлемінің 69%-ы электронды түрде ресімделген, оның 4,8 миллионы немесе 21%-ы интернет-ресурстар арқылы сатып алынған. 2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 15,9 миллионнан астам билет сатылған, бұл сатылған билеттердің жалпы көлемінің 80%-нан астамы электронды түрде ресімделген, оның 5,3 мллионы немесе 27%-ы интернет-ресурстар арқылы сатып алынған, - дейді Асылхан Қалдыкозов.

Спикердің айтуынша, жыл сайын темір жол жолаушылар көлігі қызметін 20 миллионнан астам жолаушы пайдаланады, сол себепті "Жолаушылар тасымалы" компаниясының мақсаты – халықты сапалы әрі қолжетімді көлік қызметімен қамтамасыз ету. 


Халықтың темір жол билетін сатып алуына барынша қолайлы жағдай жасап, мүмкіндік беру үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының қолдауымен жаңа, "Mobius" отандық қаржы жүйесіне негізделген электронды билетпен қамтамасыз ету технологиясына көшу жобасы іске асырылды, - деп атап өтті бас директордың корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары.

Отандық "Mobius" жаңа жүйесінің нәтижесінде билет сатып алу шарттары жақсарған. Яғни, интернет-сайттар өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары (15 мың дана), пошта бөлімшелері (1,6 мың дана) арқылы билет сату рәсімін ұйымдастыру арқасында сату каналдары едәуір кеңейді. 

Сондай-ақ, өзіне-өзі қызмет көрсету режимінде билет сатып алу кезінде бос орындардың бар-жоғы туралы мәліметтердің анықтығы қамтамасыз етілген.

Өзгелердің жаңалығы