Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров брифинг барысында айтты.
«Бізге келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Қазақстан азаматын Дели әуежайында әуе билетін қолдан жасағаны үшін жергілікті полиция ұстады. Әуежай қызметкерінің ақпаратына сүйенсек, оны қамауға алған жоқ. Ол енді әкімшілік сот отырысы болып, 10 000 рупий (53 468 мың теңге) айыппұл төлегеннен кейін отанына жіберіледі. Қазір Дели қаласында. Біздің сол жақтағы консулдарымыз барынша көмек көрсетіп жатыр. Төлқұжаты жергілікті полицияның қолында», - деді Айбек Смадияров.
Рахиля Бекназарқызы
Оқи отырыңыз: