Атырау облысының бас дәрігері нәресте өліміне қатысты пікір білдірді

5 Қазан 2019, 00:18
3307
Бөлісу:
Атырау облысының бас дәрігері нәресте өліміне қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда орын алған бұл сұмдық жағдай облыстың бас дәрігерінің де жағасын ұстатты, деп хабарлады 24.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігеріне тағылған айыптауларға қатысты өз ойын айтты.

«Қазір тергеу жүріп жатқандықтан, бұл жағдайға қатысты пікір айта алмаймын. Бірақ, дәрігерлерге қатысты айыптаулар мені жаман күйге түсірді. Құқық қорғау органдары бұл жағдайды жан-жақты тексереді деген ойдамын», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева.
 
Еске сала кетейік, Атырау облысындағы перзентхана орталығының директоры мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілініп отыр.

Өзгелердің жаңалығы