Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 252 адамға жетті

3 Қыркүйек 2026, 16:24
АВТОР
 Francis Mascarenhas/REUTERS 3 Қыркүйек 2026, 16:24
3 Қыркүйек 2026, 16:24
203
Фото: Francis Mascarenhas/REUTERS

Непалдың солтүстігінде болған су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 1 252 адамға жетті. Непал полициясы мәлім еткендей, 4 875 адам хабар-осыз кеткендер қатарында, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бір күн бұрын 1 127 адамның көз жұмғаны хабарланған болатын.

Қаза тапқандардың көбісін әлі де жеке тұлға ретінде анықтау мүмкін болмай жатыр. Непал Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, табылған 900-ге жуық дененің шамамен 4%-ы ғана сәйкестендірілген.

Іздеу жұмыстарына 18 700-ден астам құтқарушы жұмылдырылды. Дегенмен, жаңбыр мен Непал полициясында авиацияның жетіспеушілігі жұмысты баяулатып отыр.

Трисули өзені бойындағы гидроэнергетикалық нысандарда бөлек операция жүргізілуде. Себебі жұмысшылар туннельдердің ішінде қалып қойған болуы мүмкін. Расувагадхи станциясында 93 адам хабар-осыз кеткендер тізімінде тұр. Алайда құтқарушылар ол жерден адамдардың бар екенін растайтын ешқандай белгі тапқан жоқ. Жоғарғы Трисули 3A станциясының туннелінде бақыланатын жарылыс жасалды, содан кейін әскерилер екі экскаватормен тереңдігі шамамен он метр болатын шахта қазып, су мен балшықты сорғыта бастады.

Расува ауданындағы метеобақылау жүйесін сел ағызып кеткен. Билік шекара маңындағы аймақтан нақты уақыт режимінде деректер алу үшін топырақ қозғалысын тіркейтін сейсмометрлерді қоса алғанда, жаңа жабдықтар орнатты.

Осы учаске арқылы Қытаймен сауда тоқтатылды. «Расувагадхи» кеден бекеті толығымен қирады, ал 31 тамызда Қытай көшкін қаупіне байланысты Татопани атты тағы бір өту бекетін жүк тасымалы үшін жауып тастады. Екі ел арасындағы жалғыз жұмыс істеп тұрған құрлықтағы бағыт ретінде Мустанг ауданындағы Корала қалды.

Кеденді қалпына келтіру айларға созылады. Саудагерлер мерекелер маусымы қарсаңында тауар тапшылығы мен бағаның өсетінін ескертуде.

Алдын ала келтірілген шығын 200 миллиард непаль рупиіне бағаланып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 734-ке жеткенін хабарлағанбыз. Із-түзсіз жоғалған 2,5 мыңға жуық адамды іздеу жалғасып жатыр.

Непал Meta мен TikTok-тан су тасқыны туралы жалған видеоларды жоюды талап етті.

Тағы оқи отырыңыз:

Қытайдағы жойқын сел: Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты 

Непалдағы жойқын апат: Із-түзсіз кеткен қазақстандықтардың саны артты 

500-ден астам адам қаза тапқан су тасқыны: Непалға ЕО 2 млн еуро бөлді 

Наверх