Бүгін ауа райы қандай болады?

4 Наурыз 2022, 10:13
1136
Бөлісу:
Бүгін ауа райы қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республиканың басым бөлігінде 4 наурыз күні Жерорта теңізі аудандарынан келетін циклоннның ықпалына байланысты күн құбылмалы болады.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын, көбіне жаңбыр түрінде, күндіз облыстың батысында нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің оңтүстігінде, орталығында, шығысында күн жауын-шашынсыз болады.

 Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, тұман түседі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстік-батысында, батысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. 

Атырау, Маңғыстау облыстарында желдің күшейюі түнде облыстарының батысында және орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз Маңғыстау облысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында тұман түсіп, батысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады. 

Ақмола облысының басым бөлігінде, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман түседі. 

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі, облыстың батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында – тұман, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с жел күшейеді. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Түнде және таңертең Алматы облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы