Жаңбыр мен найзағай: бүгін ауа райы қандай болады

22 Сәуір 2025, 09:06
2359
Бөлісу:
Жаңбыр мен найзағай: бүгін ауа райы қандай болады
Фото: pixabay.com

Қазгидромет 22 сәуір, сейсенбі күні ел аумағында күтілетін ауа райы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласы

Елордада күн бұлтты болады, кей кездері жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, батыс бағытқа ауысады. Түнде желдің екпіні 5-10 м/с, күндіз 9-14 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +21…+23°C жылы болады.

Алматы қаласы

Алатау баурайындағы қалада күн бұлтты, кешке қарай өткінші жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +18…+20°C.

Шымкент қаласы

Қалада күн бұлтты, түстен кейін өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +21…+23°C.

Ақмола облысы

Облыстың батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде жаңбыр жауады, күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, батысқа ауысады – жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз шығыста екпіні 15-20 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +5…+10°C, күндіз +20…+25°C.
Көкшетау қаласында – бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан, батысқа ауысып, 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +23…+25°C.

Алматы облысы

Күндіз облыстың оңтүстігі мен таулы өңірлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 9-14 м/с, ал оңтүстік пен таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +5…+10°C, таулы өңірлерде -4…+1°C. Шығыста және тау бөктерлерінде топырақ бетінде -1°C дейін үсік жүруі ықтимал. Күндіз +17…+22°C, таулы аймақтарда +7…+12°C.
Қонаев қаласында күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +20…+22°C.

Жетісу облысы

Ауа райы жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+5°C, оңтүстік пен шығыста +10°C дейін, күндіз +18…+23°C, таулы өңірлерде +15°C.
Талдықорған қаласында – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +21…+23°C.

Түркістан облысы

Түнде таулы аудандарда, күндіз облыстың оңтүстігі мен таулы өңірлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с, күндіз оңтүстік пен таулы аймақтарда 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+13°C, таулы жерлерде +4°C, күндіз +18…+23°C, ал солтүстік пен батыста +26°C дейін көтеріледі.
Түркістан қаласында – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +26…+28°C.

Батыс Қазақстан облысы

Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+13°C, күндіз +25…+30°C.
Орал қаласында – күн бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +25…+27°C.

Атырау облысы

Түнде батыста жаңбыр, күндіз батыс пен солтүстікте жаңбыр, оңтүстікте өткінші жаңбыр және найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, батыс пен солтүстікте екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+18°C, шығыста +10°C, күндіз +25…+30°C, батыста +22°C.
Атырау қаласында – күн бұлтты, күннің соңына қарай жаңбыр жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +25…+27°C.

Маңғыстау облысы

Батыс пен орталықта жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал. Күндіз осы өңірлерде шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, күндіз батыс пен орталықта екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +11…+16°C, күндіз +22…+27°C, ал облыстың оңтүстігінде +30°C дейін жетеді.
Ақтау қаласында – күн бұлтты, кей кездері өткінші жаңбыр. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +23…+25°C.

Ақтөбе облысы

Ауа райы жауын-шашынсыз болады. Жел батыстан және оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+11°C, облыстың оңтүстік-шығысында +14°C, күндіз +24…+29°C.
Ақтөбе қаласында – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан және оңтүстік-батыстан 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +24…+26°C.

Қостанай облысы

Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде жаңбыр, найзағай. Сондай-ақ түнде және таңертең батыс пен оңтүстікте тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғып, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз солтүстік пен шығыста екпіні 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +7…+12°C, күндіз +24…+29°C.
Қостанай қаласында – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +24…+26°C.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде жаңбыр жауады, батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарда найзағай болады. Күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең оңтүстікте тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде 9-14 м/с, батыс, солтүстік және оңтүстікте екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+7°C, батыста +11°C, күндіз +20…+25°C, оңтүстік-батыста +28°C.
Петропавл қаласында – күн бұлтты, жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +21…+23°C.

Павлодар облысы

Таңертең және күндіз облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең батыс пен оңтүстікте тұман болады. Жел оңтүстіктен 9-14 м/с, күндіз батыс, солтүстік және оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+5°C, солтүстік пен шығыста -3°C дейін суытады, күндіз +15…+20°C, солтүстікте +12°C.
Павлодар қаласында – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +16…+18°C.

Қарағанды облысы

Түнде солтүстік және шығыста жаңбыр, күндіз солтүстік пен шығыста жаңбыр, батыс пен солтүстікте жауын-шашын, найзағай болады. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+13°C, шығыста +5°C дейін төмендейді, күндіз +20…+25°C, шығыста +17°C.
Қарағанды қаласында – күн бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C.

Ұлытау облысы

Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+13°C, күндіз +22…+27°C, шығыста +19°C.
Жезқазған қаласында – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +23…+25°C.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде солтүстік, шығыс және оңтүстік аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең шығыста тұман болады. Жел шығыстан, солтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+7°C, шығыста -2…-7°C, күндіз +15…+20°C, шығыста +5…+10°C.
Өскемен қаласында – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, солтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +16…+18°C.

Абай облысы

Түнде шығыста және орталықта жаңбыр, күндіз батыс пен оңтүстікте жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең оңтүстікте, орталықта тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз батыс пен оңтүстікте екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +2…+7°C, солтүстікте -1°C дейін төмендейді, күндіз +17…+22°C.
Семей қаласында – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +18…+20°C.

Қызылорда облысы

Жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+15°C, солтүстікте +7°C дейін төмендейді, күндіз +27…+32°C.
Қызылорда қаласында – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +28…+30°C.

Жамбыл облысы

Оңтүстікте және таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай болады. Таулы аймақтарда тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+11°C, таулы аймақтарда +3°C, күндіз +20…+25°C, таулы аймақтарда +17°C.

Тараз қаласында – күн бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +20…+22°C.

Өзгелердің жаңалығы