Астанада ҰҚК қызметкері өлі табылды

22 Сәуір 2025, 03:45
1446
Бөлісу:
Астанада ҰҚК қызметкері өлі табылды
Фото: unsplash.com

21 сәуірде Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҰҚК баспасөз қызметі полицияның сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Марқұмның ҰҚК сыртқы барлау қызметінде жоғары лауазымды қызмет атқарғаны туралы ақпарат бар. Ол өзіне-өзі қол жұмсады немесе биіктен құлады деген болжам бар.

Өзгелердің жаңалығы