АҚШ Ресей миллиардерлеріне санкциялар салды 

4 Наурыз 2022, 10:08
1199
Бөлісу:
АҚШ Ресей миллиардерлеріне санкциялар салды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Владимир Путинмен байланысы бар бизнесмендер мен саясаткерлерге санкцияларды қатаңдатты, деп жазды «Хабар 24». 

Қара тізімге 7 млдр енгізіліп, олардың активтері толық бұғатталды. Арсында ресейлік магнат Алишер Усманов, «Транснефть» президенті Николай Токарев, «Ростех» бас директоры Сергей ЧЕмезов және Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бар. 

Ресми Вашингтон қаржылай шектеулер олигархтарды Путиннен алшақтатып, оны Украинадағы әскери қимылдарды тоқтатуға итермелейді деген үмітте. 

Санкциялар тағы 19 ресейлік кәсіпкер мен олардың жақындарына және бірқатар заңды тұлғаға да салынды. 

Біз бұл санкцияларды салғанда бірінші кезекте бұл тұлғалардың президент Путинмен жақындығын ескердік. Ресей басшысы және оның айналасындағы адамдар Украинадағы жағдайдың салдарын сезінсе деп ойлаймыз. Олардың активтері мен яхталары құрықталып, балаларын Батыс елдеріндегі оқу орындарына жібере алмайды. Бұған дейін салынған санкциялар Ресейдің қаржы нарығына әсер еткені соншалық бірнеше күннің ішінде қор нарығы жабылып қалды, - деді Ақ үй баспасөз хатшысы Джен Псаки.
 

Өзгелердің жаңалығы