Руслан Берденовті нақты не үшін атып кеткені айтылды

22 Сәуір 2025, 09:24
5802
Бөлісу:
Руслан Берденовті нақты не үшін атып кеткені айтылды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті кеше кешкі уақытта атып кеткені белгілі. Ол қазір ауруханада. Шымкент қаласы полиция департаментінен осы оқиғаға қатысты түсініктеме берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде түрлі ақпарат тарауда. Оның күдіктінің келіншегіне тиіскені де айтылып жатыр. Бірақ полиция бұл ақпаратты растамады.

Қазір әлеуметтік желілер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында әкім орынбасарына жасалған шабуылдың себебі ретінде оның күдіктінің жұбайына тиіскені туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Қылмыс жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.

Айта кетейік, бұған дейін экс-депутат, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кеткенін хабарладық. Желіде Берденовке шабуыл жасалған жерден видео тарады

Руслан Берденовтің жағдайы туралы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімет берді.

Өзгелердің жаңалығы