полиция
-
Маңғыстауда өгей әке баласын зорлап, өз-өзіне қол жұмсады
Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.01.2026
-
Нұркентте 4 жастағы ұлын аяусыз ұрған әйел қамауға алынды
Ресми деректерге сәйкес, өз баласын ұрып-соқты деп айыпталған 28 жастағы әйелге қатысты тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі («Азаптау») бойынша жүргізіліп жатыр. Аталған баптың санкциясы төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Тергеу кезеңінде сот күдіктіні қамауға алуға санкция берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.01.2026
-
Қамқоршылықтағы Назгүл мен Құндыздың оқиғасы полиция назарында
Әлеуметтік желіде тұрмыстық зорлық-зомбылық сипатталған видео тарады. Видео түсініктемесінде 12 бала асырап алған Тараз тұрғыны балаларын ұрып-соғып жатқаны айтылған. Сондай-ақ 10 баланың мүгедек екені де нақтыланады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
27.01.2026
-
Ақтөбеде iPhone ұрлаумен айналысқан бойжеткендер ұсталды
Ақтөбе қаласында белгісіз тұлғалар сауда үйлерінің біріндегі бутикте болып, еркін қол жеткізу арқылы сауда сөресінен «iPhone» маркілі бірнеше ұялы телефонды жасырын түрде ұрлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.01.2026
-
Атырауда жоғалған отбасы: Полиция екі адамды әлі іздеп жатыр
Атырау облысында бұған дейін жоғалып кеткен бір отбасының екі баласын іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.01.2026
-
Семейде полицейлердің екі көлігін өртеген зейнеткер ұсталды
Семейде учаскелік полиция пункті жанында екі автокөлікті өртеген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.01.2026
-
Қарағандыда көлік аялдамаға соғылып, әйел адамды қағып кетті
Жол-көлік оқиғасы таңертең Тәттімбет көшесінде орын алды. Полицияның мәліметінше, 42 жастағы ВАЗ-2111 көлігінің жүргізушісі екінші дәрежелі жолдан шығып, KIA Sportage көлігіне жол бермеген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.01.2026
-
Бөтен адамға ақша аударған: Астаналық кәсіпкер заң алдында жауап береді
Астанадағы азық-түлік дүкенінің иесі дропперлікке байланысты қылмыстық істің фигурантына айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25.01.2026
-
Қарағанды – Астана бағытында қауіпсіздік керуені жүріп өтті
Қарағанды – Астана бағытында қауіпсіздік керуені жүріп өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
25.01.2026
-
Жетісуда жантүршігерлік жол апатынан 5 адам ажал құшты
Жетісу облысында жол-көлік оқиғасынан бірден бес адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25.01.2026
-
Қарағанды облысында жаңа жедел басқару орталығы іске қосылды
Қарағанды облысының Бұқар-Жырау ауданында аудандық полиция басқармасы жанынан жедел басқару орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz –ке сілтеме жасап.
23.01.2026
-
Жасанды интеллект пен дрондар: Астанада заманауи криминалистика көрсетілді
Астанада «Заманауи криминалистикалық шешімдер» атты криминалистикалық техника бағдарламасы өтті. Іс-шара 2026 жыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астана қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.01.2026
-
Кісі өлтірді: Рудныйда 16 және 17 жастағы екі жасөспірімге іздеу жарияланды
Рудный қаласында адам өлтіру дерегі бойынша екі жасөспірімге іздеу жарияланды. 2008 және 2009 жылғы күдіктілерге қатысты бағдарлау Қазақстан аумағы бойынша барлық полиция бөлімшелеріне таратылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қостанай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
23.01.2026
-
Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды
Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қозғалған іс аясында тағы бір қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаров хабарлады. Аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің 125-1-бабы – «Неке қиюға мәжбүрлеу» бойынша қозғалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.01.2026
-
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қатысқан төбелестің видеосы желіде тарады
Интернет желісінде бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің қатысуымен болған төбелес бейнеленген видео пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.01.2026
-
Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады
Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.01.2026
-
"Өтінемін, керек емес": Оралда оқушыға жасалған қорлыққа полиция пікір білдірді
Әлеуметтік желілерде Орал қаласында мектеп оқушысының ұрып-соғылғаны бейнеленген видео тарады. Мәліметтерге сәйкес, бейнежазба өткен жылдың қазан айында түсірілген және марқұмның туыстарының айтуынша, онда №17 мектеп оқушысына жасалған кезекті қорлық көрініс тапқан. Сондай-ақ, оқиға сәтін шабуыл жасағандардың өздері түсіргені атап өтіледі.
23.01.2026
-
Серік Сәпиев өз орынбасарымен төбелесіп қалды
Әлеуметтік желіде Олимпиада чемпионы, боксшы Серік Сәпиев өзінің орынбасары Дәурен Есімхановпен төбелескені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.01.2026
-
ІІМ Астанада полиция қызметкеріне оқ ату оқиғасына қатысты пікір білдірді
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Сенатта өткен брифингте Астана қаласында құқық қорғау органының қызметкеріне оқ атылған оқиғаға қатысты мәліметтерді баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.01.2026
-
Шымкентте болған қанды төбелес: Үш қылмыстық іс қозғалды
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Сенатта өткен брифингте Шымкентте болған жол-көлік оқиғасының мән-жайы туралы айтты. Аталған оқиға жаппай төбелеске ұласып, адам өлімімен аяқталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.01.2026