Алматыда көшеде заңсыз жарыс ұйымдастырған 10 жүргізуші жауапқа тартылды
Барлық көлік арнайы айып тұрағына жеткізілді.
Алматыда түнгі уақытта Рысқұлов даңғылында жоғары жылдамдықпен заңсыз жарыс ұйымдастырған жүргізушілер анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицияның мәліметінше, бірнеше автокөлік жол бойында жоғары жылдамдықпен жарысып, өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндірген. Заң бұзушыларды патрульдік полиция экипажы байқап, ақпарат жақын маңдағы нарядтарға жедел жеткізілген.
Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде тәртіп сақшылары Рысқұлов даңғылының Күдерин көшесінен батысқа қарай орналасқан бөлігінде көліктердің жолын бөгеп, оларды тоқтатты. Барлығы 10 автокөлік, оның ішінде қымбат маркалы жеңіл көліктер де анықталды.
Әрбір жүргізушіге қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Олар апаттық жағдай туындатқаны және маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Барлық көлік арнайы айып тұрағына жеткізілді.
Полиция заңсыз көшедегі жарыс жүргізушінің шеберлігін емес, өзгелердің өмірі мен денсаулығына саналы түрде қауіп төндіретін әрекет екенін еске салды. Ведомство ірі қала жағдайында мұндай жауапсыздық ауыр жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін екенін атап өтті.
- Депозиттердің өсу қарқыны: Қазақстандықтардың салымдары 24 триллион теңгеге жақындады 13:30
- Қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады? 13:12
- Үш сарқырама, мұздықтар мен тас көшкіні: Алматыдағы қауіпті шатқалдар қандай? 12:54
- Қазақстандағы инвесторлар мемлекеттік органдармен дауларды сотсыз шеше алады 12:36
- Түркістанда 60 мыңнан астам оқушыға 50 мың теңгеден көмек беріледі 12:35
- Сарапшы жастардың саяси белсенділігі туралы айтты 12:30
- 2026 жылы жалғызбасты ана қалай баспаналы бола алады? 12:20