9 Шілде 2026, 17:23
Фото: видеодан скриншот
Ақтаудағы дәмханада атыс: Ер адамның беті жарақаттанды
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ақтаудағы мекемелердің бірінде екі келуші арасында жанжал туындаған.
Өңірлік Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 8 шілдеде болған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжалдан кейін қатысушылардың бірі «аңшы сигналы» іске қосу сигналы құрылғысын қолданған.
Оқиғадан кейін олардың бірі «аңшы сигналы» іске қосу сигналы құрылғысын қолданып, ер адамның бетіне жарақат салған. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі.
Зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілген. Содан кейін ол үйіне жіберілді.
Еске салайық, бұған дейін Балқашта дәмханадағы жанжал атысқа ұласып, даяшы жараланған болатын.