Павлодарда бағанаға соғылып қаза тапқан жүргізушіге қатысты іс қозғалды
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші қауіпсіз жылдамдықты сақтамаған.
Павлодарда жеңіл көліктің трамвай бағанына соғылып, жүргізуші қаза тапқан жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Нұрсұлтан Назарбаев пен Жаяу Мұса көшелерінің қиылысында болған. Апат салдарынан Geely Emgrand автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші қозғалыс кезінде қауіпсіз жылдамдықты сақтамай, салдарынан трамвай желісінің бағанына соғылған.
Қазір жол апатының барлық мән-жайы мен себептері сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталып жатыр.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе көлік көп жүретін учаскелерде жылдамдық режимін бұзбауға және автокөліктің техникалық жағдайын үнемі бақылап отыруға шақырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram