Біреудің атына 1,4 млн теңге несие рәсімдеген астаналық ұсталды
Астаналық азамат басқа біреудің деректерімен 1,4 млн теңгеге несие рәсімдеген.
Астана полицейлері өзге адамның деректерін пайдалана отырып, тауарлық несиені заңсыз рәсімдеу фактісінің бетін ашты.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, елорданың 23 жастағы тұрғыны жәбірленушінің ұялы телефонына қол жеткізіп, оның рұқсатынсыз банктік қосымшаға кірген. Құрылғы иесінің дербес деректерін пайдалана отырып, ол оның атына 1,4 млн теңге сомасында несие рәсімдеген.
Күдікті алынған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсап, телефон иесіне материалдық шығын келтірген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында клиенттерге білдіртпей несие сомасын өсіріп отырған банк менеджері ұсталды.
Тағы оқи отырыңыз:
Қарағанды облысында банктің бұрынғы менеджері несиелерді заңсыз рәсімдеген
5 жыл бойы қашып жүрген қазақстандық әйел Түркияда ұсталды
Ақтөбе облысында WhatsApp-тағы бір қоңырау 71 жастағы әйелді пәтерінен айырды
- Тоқаев АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті 21:31
- Геннадий Головкин халықаралық спорт ұйымында жаңа қызметке сайланды 21:05
- Марқакөл қорығында қоңыр аю көзге түсті 20:55
- Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті 20:28
- 13 қыркүйек күні ауа райы қандай болады 20:25
- Рыбакина – Соболенко арасындағы US Open финалы: тікелей эфирді қайдан және қашан көруге болады 20:10
- Ақмола облысында қатты жел балықшыны көл ортасына алып кеткен 19:50