АҚШ
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысады Президент АҚШ-қа жасайтын сапары аясында екіжақты ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін айтты. 08.07.2026 -
"Бітім бітті": Трамп Иранмен келісе алмағанын айтты Трамп Иранмен арадағы қақтығыстың кезекті шиеленісуінен кейін атысты тоқтату режимі енді әрекет етпейді деп есептейді. 08.07.2026 -
АҚШ Иран мұнайын сатуға тыйымды қайта енгізді Шешім Ормуз бұғазында үш коммерциялық кемеге жасалған шабуылдардан кейін қабылданды. АҚШ мәлімдемесінен соң әлемдік мұнай бағасы 3–5%-дан астам өсті. 08.07.2026 -
АҚШ Иран мұнайының сатылуына қарсы санкцияларды қайта енгізді Ұлыбританияның теңіз тасымалы қауіпсіздігі жөніндегі UKMTO агенттігінің мәліметінше, соңғы күндері Ормуз бұғазы мен оған іргелес суларда үш танкерге белгісіз снарядтар тигені туралы хабарланған. 08.07.2026 -
Дания премьер-министрі Гренландияны сату мүмкіндігін жоққа шығарды Метте Фредериксен АҚШ президенті Дональд Трамппен Анкарада өтетін кездесуде Гренландия туралы мәлімдемелерді талқыламайтынын айтты. 08.07.2026 -
Ердоған мен Трамп қорғаныс, сауда және KAAN жойғыш ұшағы жобасын талқылайды Түркия президентінің әкімшілігі көшбасшылардың алдағы келіссөздерінің негізгі тақырыптарын жариялады 07.07.2026 -
Гуам мен Солтүстік Мариана аралдарына «Бави» супер тайфуны соқты Алдын ала мәлімет бойынша, Солтүстік Мариана аралдарында айтарлықтай қираулар тіркелген. 07.07.2026 -
Трамп Иранның инфрақұрылымына соққы беруі мүмкін екенін мәлімдеді Трамптың бұл мәлімдемесі АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс сақталып тұрған кезеңде айтылды. 07.07.2026 -
АҚШ-та Тәуелсіздік күні мерекесі кезінде алты адам қаза тапты Бірнеше штатта болған қарулы шабуылдардан ондаған адам жарақат алды. 06.07.2026 -
Хаменеиді жерлегеннен кейін АҚШ пен Иран келіссөздерді қайта бастайды Келіссөздердің жаңа кезеңі Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи жерленгеннен кейін басталуы мүмкін. Тараптар ядролық бағдарламаға қатысты мәселелерді талқылауды көздеп отыр. 05.07.2026 -
Axios: Трамп пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті Әзірге тараптар телефон әңгімесінің мазмұнына қатысты өзге ақпарат жариялаған жоқ. 05.07.2026 -
Флорида жағажайында найзағай соғып, бір адам қаза тапты Алғашқы ақпарат бойынша, үш адам медициналық көмек көрсету үшін жергілікті ауруханаларға жеткізілген. 05.07.2026 -
Трамп келесі аптада Нетаньяхумен кездесуге дайын екенін мәлімдеді Кездесу Трамптың 7-8 шілдеде өтетін North Atlantic Treaty Organization саммитінен оралғаннан кейін ұйымдастырылуы мүмкін. 05.07.2026 -
АҚШ Жоғарғы соты Трамптың азаматтыққа қатысты жарлығын жарамсыз деп таныды Сот Трамптың екінші президенттік мерзімінің алғашқы күні қол қойған жарлығы АҚШ Конституциясының 14-түзетуіне қайшы келеді деп шешті. Бұл түзету АҚШ аумағында дүниеге келген адамдардың басым көпшілігіне автоматты түрде азаматтық алуға кепілдік береді. 03.07.2026 -
АҚШ әскери тікұшағы Араб теңізіне апатты жағдайда қонды Ведомствоның хабарлауынша, бортта төрт экипаж мүшесі болған. 02.07.2026 -
АҚШ Мексика және Канадамен сауда келісімін ұзартудан бас тартты АҚШ құжатты автоматты түрде ұзартудың орнына, оған өзгерістер енгізіп, ережелерін жыл сайын қайта қарауды көздеп отыр. 02.07.2026 -
Ормуз бұғазы: АҚШ пен Иран техникалық келіссөздерді бастады Келіссөздер өткен айда қабылданған 14 тармақтан тұратын уақытша келісім негізінде өтіп жатыр. 02.07.2026 -
Тоқаев Air Astana-ға АҚШ пен Жапонияға тікелей рейс ашуды тапсырды Президент Air Astana басшысын қабылдап, жаңа бағыттар мен ұшақтар туралы жоспарды тыңдады. Кездесуде жолаушыларды толғандыратын мәселелер де көтерілді. 01.07.2026 -
Ақ үй: Иранмен соғысқа шамамен 30 млрд доллар жұмсалды Бұл сома АҚШ Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) берген есебі негізінде есептелген. 01.07.2026 -
АҚШ-та туған балалар азаматтық алуға құқылы: Жоғарғы сот Трамптың бастамасын қолдамады Бұған дейін Дональд Трамп арнайы жарлық арқылы бұл құқықты шектеуге тырысқан еді. 01.07.2026