АҚШ Иранға қарсы жаңа экономикалық қысым шараларын әзірлеп жатыр
Алайда Бессент жоспарланып отырған шаралардың нақты қандай бағыттарды қамтитынын ашып айтпады.
АҚШ келесі аптада Иранның экономикалық оқшаулануын күшейтуге бағытталған «бұрын-соңды болмаған шараларды» жарияламақ. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС агенттігі.
Бессенттің айтуынша, Вашингтон Иранға қатысты экономикалық қысымды қайта күшейтуді жоспарлап отыр. Ол алдағы шаралар Иранға қарсы теңіз блокадасымен қатар жүзеге асатынын атап өтті.
«Келесі аптадағы хабарландыруларға назар аударыңыздар. Біз елді экономикалық оқшаулау тарихында бұрын-соңды болмаған шараларды қолданамыз», – деді АҚШ Қаржы министрі.
Алайда Бессент жоспарланып отырған шаралардың нақты қандай бағыттарды қамтитынын ашып айтпады.
Бұл мәлімдеме Вашингтонның Тегеранға экономикалық қысымды күшейтіп отырған кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Бұған дейін АҚШ Иранға қарсы теңіз блокадасын жалғастыру ниетін білдірген.