Трамп Анкарадағы НАТО саммитінен неге басқа ұшақпен ұшып кетті?
Трамп алдымен Air Force One президенттік ұшағына көтерілген, бірақ көп ұзамай одан шығып кеткен.
АҚШ Президенті Дональд Трамп бірнеше апта бұрын Анкарада өткен НАТО саммитінен басқа ұшақпен ұшып кеткен.
The Washington Post басылымының мәліметінше, Трамп алдымен Air Force One президенттік ұшағына көтерілген, бірақ көп ұзамай қайта түскен. Содан кейін президент ұшаққа жалғанған кейтеринг контейнеріне өткен.
Болжам бойынша, жүк көлігі Трамп бар контейнерді басқа әуе кемесіне – C-32A ұшағына жеткізген. Америка президенті саммит өткен жерден дәл осы ұшақпен ұшып кеткен.
Air Force One бортында болған БАҚ өкілдері мен америкалық үкіметтің кейбір қызметкерлері Трамп әлі де президенттік ұшақта деп ойлаған.
Трамп неге ұшақты ауыстырды?
Басылымның ақпараты бойынша, мұндай шараға Иран тарапынан төнген қастандық қаупі себеп болуы мүмкін.
Америкалық БАҚ-тың сауалына Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры Стив Чунг президент қарсыластар тарапынан төнетін көптеген қауіп-қатермен бетпе-бет келіп жатқанын хабарлады.
Ол АҚШ билігі бұл қауіптерге қарсы тұру үшін барлық қолжетімді құралдарды пайдаланатынын атап өтті.
Дегенмен, АҚШ-тың ресми өкілдері Трамптың Анкарадан ұшуы кезінде қабылданған қауіпсіздік шараларының егжей-тегжейін ашып айтпады.