SpaceX Falcon 9 зымырандарын небәрі 38 минут аралықпен ұшырып, жаңа рекорд орнатты
SpaceX мәліметінше, барлық сегіз спутник орбитаға сәтті шығарылған. Оларды зымыраннан ажырату ұшырылымнан шамамен 56,5 минут өткен соң басталып, алты минуттай уақытқа созылған.
SpaceX компаниясы АҚШ-тың қарама-қарсы жағалауларынан Falcon 9 зымырандарын небәрі 38 минут аралықпен ұшырып, жаңа рекорд орнатты.
Екі ұшыру да 15 тамызда жүзеге асқан. Алғашқы Falcon 9 зымыраны Флорида штатындағы Канаверал мүйісіндегі АҚШ Ғарыш күштерінің базасынан жергілікті уақыт бойынша сағат 21:12-де ұшырылды.
Зымыран бортында америкалық Globalstar телекоммуникациялық компаниясына тиесілі сегіз спутник болды. Олар төмен Жер орбитасында жұмыс істеуге арналған.
SpaceX мәліметінше, барлық сегіз спутник орбитаға сәтті шығарылған. Оларды зымыраннан ажырату ұшырылымнан шамамен 56,5 минут өткен соң басталып, алты минуттай уақытқа созылған.
Ал алғашқы ұшырудан 38 минут өткен соң тағы бір Falcon 9 Калифорниядағы Ванденберг ғарыш күштері базасынан ғарышқа аттанды.
Екінші зымыран АҚШ Ғарыш күштеріне арналған құпия USSF-366 миссиясын орбитаға шығарды. Миссия аясындағы аппараттардың нақты мақсаты жарияланбады.
WAM агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың қарама-қарсы жағалауларынан екі зымыранды осындай қысқа уақыт аралығында ұшыру SpaceX үшін жаңа рекорд болды.