17 Тамыз 2026, 00:18 Фото: pexels.com

Иран АҚШ әскери қызметшілерінің көзін жойғаны немесе тұтқындағаны үшін 25 мың еуро сыйақы жариялады

Иранның Avash жаңалық порталының мәліметінше, әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған америкалық сарбаз үшін шамамен 25 мың еуро төленуі тиіс.

Иран әскері америкалық бір әскери қызметшіні өлтіргені немесе тұтқындағаны үшін шамамен 25 мың еуро сыйақы ұсынған.

Бұл туралы Bild басылымына сілтеме жасаған ақпаратта айтылған.

с

Ал егер америкалық әскери қызметшіні әйелдер өлтірсе немесе тұтқындаса, сыйақы көлемі екі есеге артады деген ақпарат тараған.

Порталдың жазуынша, бұл ұсыныстың бастамашысы – Иранның тұрақты армиясының бас қолбасшысы Амир Хатами. Ол бұл қызметті 2025 жылдың маусымынан бері атқарып келеді.

Алайда сыйақыны төлеу механизмі мен оның нақты қалай жүзеге асырылатыны туралы әзірге ақпарат жарияланған жоқ.