«Жылына бір рет тексеріледі». Шахтадағы тексеріс қашан жүргізілгені айтылды

18 Тамыз 2023, 12:56
938
Бөлісу:
«Жылына бір рет тексеріледі». Шахтадағы тексеріс қашан жүргізілгені айтылды
Фото: BAQ.KZ - архив

«Қазақстан» шахтасындағы апаттан кейін компанияға қарасты басқа да шахталарда тексеріс жүргізіле ме? Бұл сұраққа ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Негізі АрселорМиттал Теміртау компаниясының күллі объектілерін әр жылда жоспарлы түрде бір рет тексереміз. Соның ішінде Қазақстан шахтасын тексеру жұмысы қыркүйек айына жоспарланған. Комиссия жұмысын аяқтағаннан кейін қажет болса тағы да тексеріс жүргізілуі мүмкін, - деді Мұса Танабаев Қарағанды өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Еске сала кетейік, 17 тамызда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді. Шахтада 227 адам болған, 222 адам эвакуацияланды. Сегіз адам зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кеткен болатын. Кеше кешкісін бір адамның денесі табылып, кім екені анықталған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған апаттың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар «Қазақстан» шахтасындағы өртке байланысты Шахтинск қаласының Полиция бөлімі ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сондай-ақ депутаттар Арселор Миттал басшылығын жауапқа тартуды талап еткен болатын.

Қазіргі уақытта қалған 3 адамды іздестіру жалғасып жатыр. Сонымен қатар дәрігерлер ауруханаға түскен шахтерлердің жағдайы туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы