Алматы тауларында жарақат алған қыз өздігінен төмен түсе алмай қалған

Құтқарушылар Алматы тауларында аяғын жарақаттап алған қызға көмек көрсетті.

 видеодан скрин 14 Қараша 2026, 22:15
14 Қараша 2026, 22:15
64
Фото: видеодан скрин
Алматы қаласы Бостандық ауданында Жапон жолы маңындағы таулы аймақта демалып жүрген 2004 жылы туған қыз аяғын жарақаттап алып, өздігінен төмен түсе алмаған.

Оқиға орнына Алматы қаласының Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары келіп, қажетті көмек көрсетті.

Олар зардап шеккен қызды "Эдельвейс" туристік базасына дейін жеткізіп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Наверх