Шахтадағы апат: Қаза болған кеншінің кім екені анықталды

18 Тамыз 2023, 07:29
993
Бөлісу:
Шахтадағы апат: Қаза болған кеншінің кім екені анықталды
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінен

"Қазақстан" шахтасында қаза болған кеншінің аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазақстан" шахтасындағы өрт салдарынан компания қызметкері 1965 жылы туған Слюньков Виталий Владимирович қайтыс болды. Ол 5-санаттағы жерасты электр слесарі болған. Еңбек өтілі 39 жыл. Марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтамыз, - делінген "АрселорМиттал Теміртау" хабарламасында.

Қалған жұмысшыларды іздестіру жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, 17 тамызда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді. Шахтада 227 адам болған. 222 адам эвакуацияланды. Сегіз адам зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кетті. Оның төртеуі әлі іздестіріліп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған апаттың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы