Шахтадағы апат. Жапа шеккендердің саны 8 адамға жетті

17 Тамыз 2023, 18:43
785
Бөлісу:
Шахтадағы апат. Жапа шеккендердің саны 8 адамға жетті
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі сәтте «Қазақстан» шахтасындағы өрттен жапа шеккен 6 кенші ауруханада жатыр, тағы екі жұмысшыны онда апара жатыр. Сонымен, барлығы 8 адам апаттан зардап шеккен, деп хабаралйды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында ТЖ кезінде зардап шеккен алты адам ауруханаға жатқызылды.

«Қазақстан» шахтасында зардап шеккен екі адам Мақажанов клиникасына жеткізілді. Қабылдау бөлімінің дәрігерлері науқастардың жағдайын тексерді. Алдын ала диагноз – шахта газдарымен жедел ингаляциялық улану, оның ішінде ауыр көміртегі тотығымен улану, токсико-гипоксиялық энцефалопатия, уытты бронхит. Олар реанимация бөлімшесіне жатқызылды, – деді токсикология бөлімшесінің меңгерушісі, Қарағанды облысының бас штаттан тыс токсикологы Сәуле Смағұлова.

«Қазақстан» шахтасындағы өрттен қаза болған екі адамның денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы