Шахтадағы апат. Ауруханаға түскен шахтерлердің жағдайы қалай

18 Тамыз 2023, 09:28
1010
Бөлісу:
Шахтадағы апат. Ауруханаға түскен шахтерлердің жағдайы қалай
Фото: Нұркен Алишев - архив

 17 тамызда “Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасына” 9 шахтер жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Олардың екеуі реанимациядан токсикология бөліміне ауыстырылды. Жағдайлары ауырлау. Пациенттер саналы. Ауырлығы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға, гемодинамиканың тұрақсыздығына, уланудың токсикогендік кезеңіне байланысты. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты. Қалған 7 адам токсикология бөлімінде. Орташа ауырлық дәрежесі, бірқалыпты. Пациенттер саналы. Ауырлығы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға байланысты. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты, - делінген Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабаррламада.

Шахтинск қаласының орталық ауруханасының терапевтік бөлімшесіне төрт зардап шеккен адам келіп түскен, олардың біреуі ауруханаға жатқызудан бас тартқан (амбулаториялық емдеуге жіберілді). Қалғандарының жағдайы орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланады.

18 тамыздағы жағдай бойынша аймақтың медициналық мекемелерінде зардап шеккен 13 кенші бар.

Өзгелердің жаңалығы