Жол-көлік оқиғасына 95 пайыз жүргізушілер кінәлі - Боранова

2 Наурыз 2023, 13:07
689
Бөлісу:
Жол-көлік оқиғасына 95 пайыз жүргізушілер кінәлі - Боранова
Фото: egemen.kz

Бұл жайында Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова мәлімдеді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Жол-көлік оқиғаларының 95 пайызы жүргізушілердің кінәсі. Сондай-ақ абайсыздық пен салғырттықтың кесірінен болып жатады. Жолдарда орын алған қайғылы оқиғаларды ескере отырып, біз осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық жол қозғалысына қатысушыларды көліктер арасындағы қауіпсіз жылдамдық пен қашықтықты қатаң сақтауға шақырамыз, - деді Ақтоты Боранова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Инспектордың түсіндіруінше, көлік иелері күнде ауа-райын жіті бақылап отыруы тиіс.  

Көлік иелері ауа-райының өзгеруін мұқият бақылауы керек, нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс сапарларды шектеу керек. Өйткені, адамның өмірінен маңызды ештеңе жоқ, - деді Боранова.

Бұған дейін Боранова жол-көлік оқиғасы жиі тіркелетін қалалар атаған еді. 

Сонымен қатар жыл басынан бері көлік апатынан 25 жасөспірім қаза тапқанын жазған болатынбыз. Жалпы, елімізде жыл сайын 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болады. 

Өзгелердің жаңалығы