Елімізде жыл сайын 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болады

2 Наурыз 2023, 12:28
1344
Бөлісу:
Елімізде жыл сайын 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болады
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жыл сайын 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеледі, онда 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 18 мыңнан астам адам жарақат алады. Жалпы, соңғы 5 жылда апаттылықтың төмендеу динамикасы байқалады. Биыл 1 700-ден астам жол-көлік оқиғасы орын алып, 200-ден астам адам қаза тауып, 2,5 мыңға жуық адам жараланды, - деді спикер ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Боранованың айтуынша, апаттардың негізгі себебі көлік жүргізу біліктілігінің төмендігі.

Қарапайым ережелерді сақтау жолдардағы апаттардың ықтималдығын азайтуға көмектеседі. Әрбір жол қозғалысына қатысушының тәртібі – біздің қоршаған ортаның қауіпсіздігінің кепілі! Есіңізде болсын, кез келген көлік, әсіресе қазіргі заманғы түрлері, орасан зор жылдамдықты дамытуға қабілетті және бірден тоқтай алмайды. Жол қауіпсіздігі жаяу жүргіншіге де, жүргізушіге де байланысты, - деді аға инспектор.

Ол жол-көлік оқиғасына көбіне көшені дұрыс емес жерден немесе бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен жаяу жүргіншілер кінәлі болатынын алға тартты.

Кейбіреулер тіпті жолды кесіп өтерде, жан-жағына қарау керек екенін ұмытып кетеді, себебі бұрылыстан күтпеген жерден көлік келіп қалауы мүмкін.  Түнде барлық жүргізушілер жаяу жүргіншілерді байқай алмайды, өйткені жаяу жүргіншілер киімдерінде шағылыстыратын элементтерді сирек пайдаланады, сондықтан өте сақ болу керек және жүргізушілер сізді өтуге мүмкіндік беретініне көз жеткізу керек, - деді Ақтоты Боранова. 

Өзгелердің жаңалығы