Парижде Франция және Словакия президенттерінің кездесуі кезінде қарауыл сарбазы есінен танып, құлап қалды

Макрон мен Словакия президентінің кездесуі: Елисей сарайында гвардияшы құлап қалды.

 видеодан скриншот 12 Қараша 2026, 14:18
12 Қараша 2026, 14:18
261
Фото: видеодан скриншот

Парижде Франция президенті Эммануэль Макрон мен Словакия президенті Петер Пеллегринидің ресми кездесуі кезінде қарауыл гвардияшысы құлап қалды.

CBS News-тің хабарлауынша, оқиға 11 қарашада Пеллегрини Елисей сарайына ресми сапармен келген кезде болған.

Гвардияшының қасына Эммануэль Макрон мен сарай қызметкерлері барып, кейін оны алып кеткен. Осыдан соң ғана Макрон Петер Пеллегринимен амандасқан.

Гвардияшының қазіргі жағдайы мен неліктен құлағаны әзірге белгісіз.

Видео әлеуметтік желілерде лезде тарап, қолданушылар гвардияшыға алаңдаушылық білдіруде. Пікірлерде көпшілік оның тезірек сауығып кетуін тілеп, жағдайы жақсы екеніне үміттенетінін жазып жатыр.

Кейбіреулер күзетте сағаттап тапжылмай тұрудың қаншалықты ауыр екенін еске алса, әскерде қызмет еткен қолданушылардың бірі мұндай жағдайды өз басынан өткергенін мойындады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от CBS News (@cbsnews)

Наверх