Биыл жол-көлік оқиғасынан 25 жасөспірім қаза тапқан

2 Наурыз 2023, 12:34
794
Бөлісу:
Биыл жол-көлік оқиғасынан 25 жасөспірім қаза тапқан

Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова балалардың қатысуымен болатын жол-көлік апатының себептерін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Балалар - жол жүрісіне қатысушылардың ең осал санаттарының бірі. Әдетте, балалар ауыр жарақат алып жатады. Оған көбіне жол қозғалысы ережелерін білмеу немесе оларға немқұрайлы қарау салдарынан балалардың жол бойында ойнауы, белгіленбеген жерден көшені кесіп өтуі, көліктерге дұрыс мініп-түсуі және т.б. себеп болуы мүмкін, - деді Боранова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің дерегінше, биыл есепті кезеңінде жол-көлік оқиғаларынан 25 кәмелетке толмаған жасөспірім қаза тауып, 350-ден астамы әртүрлі дәрежедегі жарақат алған.  

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мемлекет алдында тұрған маңызды және игілікті міндеттердің бірі. Оған немқұрайлы қарау өлімнің айтарлықтай пайызын және басқа да ауыр зардаптарға әкеп соғады, - деді Ақтоты Боранова.

Бұған дейін Ақтоты Боранова елімізде жыл сайын 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болатынын айтқан еді. 

Өзгелердің жаңалығы