Ұшақ апаты: зардап шеккен екінші ұшқыш есін жиды

5 Қаңтар 2020, 17:53
7864
Бөлісу:
Ұшақ апаты: зардап шеккен екінші ұшқыш есін жиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен екінші ұшқыш жан сақтау бөлімінен бейінді бөлімшеге көшірілді.

Бұл туралы Zakon.kz хабарлады. 

Ұшқыш есін жиды, қазір жағдайы тұрақты. Ол реанимацияда емес, бейінді бөлімшеде жатыр. Сөйлейді, сұрақтарға жауап береді, - деді №4 Қалалық клиникалық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Айман Байзолданова.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тілеухан Әбілдаевтың сөзінше, қазіргі кезде қала емханаларында 27 науқас бар, оның 7-і бала. Тағы 3 адам медициналық көмекті Нұр-Сұлтан қаласында алып жатыр.

Жансақтау бөлімінде әлі 2 адам бар. Біреуі Алматыдағы көпсалалы клиникалық аурухананда, екіншісі Нұр-Сұлтандағы ортопедия және травматология ҒЗИ-інде жатыр. Барлық зардап шеккендердің, оның ішінде реанимацияда жатқандардың жағдайы тұрақты, денсаулықтары жақсарып келеді. Дәрігерлер жалпы 22 ота жасаған, оның барлығы сәтті өткен.

Медициналық көмек, диагностикалық тексерулер, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету толық көлемде көрсетіліп жатыр. Күн сайын Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы қалалық және республикалық ұйымдардың бейінді мамандары арнайы жиналыстар мен кеңестер өткізіп тұрады, - деді Әбілдаев.
Айта кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылында апатқа ұшыраған.

Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керегі де хабарланды. Кейіннен, зардап шеккендер мен бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. 

Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 12 адамға жетті 

Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. 

Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. 

Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. 

Бұдан бөлек, ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды

ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарда жариялауды тапсырған болатын. 

Қазір зардап шеккендерге көмек үшін арнайы шот ашылды.


Өзгелердің жаңалығы