Үсік пен аптап ыстық: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

Бір жағында - үсік, екінші жағында - 35 градус ыстық болжанды.

Бүгiн 2026, 20:17
АВТОР
 pixabay.com Бүгiн 2026, 20:17
Бүгiн 2026, 20:17
182
Фото: pixabay.com

Синоптиктердің болжауынша Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде алдағы үш күнде жауын-шашын болғанына қарамастан, күн жылынады. Ал еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында тек күндіз ғана жылы температура күтіледі.

«Қазгидромет» РМК мәлім еткендей, ауа райын екі барикалық түзілім анықтайды: еліміздің батыс және оңтүстік өңірлері оңтүстік циклонның ықпалында болады. Мұнда найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жаууы, сондай-ақ күндіз ауа температурасының 27-35 градусқа дейін көтерілуі күтіледі.

Қалған аумақтарда суық антициклон өз әсерін сақтайды.

Түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында 1-6 градусқа дейін үсік жүреді, ал күндіз ашық ауа райына байланысты температура 12-28 градустан 20-30 градус жылыға дейін көтеріледі, – делінген синоптиктердің хабарламасында.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжануда. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер мамыр айындағы ауа райын болжады. 

Сондай-ақ, Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда жаз ыстық болатынын айтты

Тағы оқи отырыңыздар:

Щучинскіде мамыр айында қар жауды

Алдағы күндері Қазақстанда күн күрт суытып, үсік жүреді

Қазақстанда мамырдың ортасында қар жауады

 

Наверх