LRT-дегі өрт, мұз және шу: Халық көтерген мәселеге жауап айтылды

Вагондардың шуына алаңдаған тұрғындарға жауап берілді.

Бүгiн 2026, 14:33
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 14:33
Бүгiн 2026, 14:33
152
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

City Transportation Systems компаниясы елордалық БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турын өткізіп, LRT құрылысы төңірегінде қоғамда талқыланған мәселелерге жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шара барысында CTS басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев LRT инфрақұрылымына қатысты бірнеше даулы мәселеге тоқталды. Атап айтқанда, тіректер мен эстакадаларды сырлау, құрылыс алаңындағы өрттер, су ағу жүйесі, қар тазалау және вагондардың шу деңгейі туралы айтты.

Компания басшысының сөзінше, қыс мезгілінде тіректер мен эстакадаларды сырлау жұмыстары ауа райына байланысты уақытша тоқтатылған.

Жақын арада сырлау жұмыстары толық аяқталады, – деді ол.

Сондай-ақ құрылыс барысында бірнеше мәрте өрт шығу жағдайлары тіркелген. CTS мәліметінше, өрттің негізгі себебі – құрылыс қоқыстарының тұтануы.

LRT инфрақұрылымына ешқандай зиян келген жоқ. Зардап шеккендер де болған жоқ, – деді компания басшысы.

Баспасөз туры кезінде журналистер эстакаданың кей жерлерінен су ағып, мұз қатқанын да көтерді. Бұл мәселе дренаж жүйесінің толық қосылмауымен байланысты болған.

Қазір эстакаданың дренаж жүйесі толық іске қосылды, – деп түсіндірді CTS өкілдері.

Компания сондай-ақ LRT желісін қыс мезгілінде сынақтан өткізу кезінде қар арнайы техникамен тазаланбағанын растады. Биыл бұл жұмыстарға арнайы техника тартылмақ.

CTS басшысы вагондардың шу деңгейіне қатысты тұрғындардың алаңдауына да жауап берді. Оның айтуынша, дыбысты азайту үшін вагон қабырғалары қалыңдатылып, жіксіз рельс технологиясы қолданылған.

Жақын орналасқан тұрғын үйлерге вибрациялық әсер болмайды, – деді Асылбек Дүйсебаев.

Еске салайық, бұған дейін LRT нақты қашан іске қосылатыны белгілі болған еді. 

Тағы оқи отырыңыздар: Астанада жеңілдігі бар LRT картасын үйден шықпай қалай рәсімдеуге болады? 

Астанадағы LRT желісіне бағдаршамдар орнатылды.

Наверх