Щучинскіде мамыр айында қар жауды

Қала тұрғындарын мамырдағы табиғаттың тосын мінезі таңғалдырды.

 pixabay.com Бүгiн 2026, 17:09
Бүгiн 2026, 17:09
207
Фото: pixabay.com

11 мамыр күні Щучинск қаласында қар жауды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылдың бұл мезгіліне тән емес ауа райы Қазнет қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде қар жауған сәттің фото және видеоларын бөлісуде.

«Бүгін ақпанның 100-күні сияқты», «Керемет ауа райы! Осындай қардың астында біраз тұрғым келіп кетті!», «Мамырдың қары да жауды, енді маусымның қарын күтейік – содан кейін барып жаз келеді», – деп әзілдесті желі қолданушылары.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер алдағы күндері ел аумағында күн күрт суытып, үсік жүретінін ескерткен болатын.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Клименко Александр (@shchuchinsk_life2)

Наверх