Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Bek Air ұшағының апатына қатысты түсініктеме берді.
Үкімет комиссиясы өз жұмысын бастады. Біз бүгін ұшу-қону алаңын көріп қайттық. Байқағанымыз әуе кемесінің артқы бөлігі 300-400 метр сайын ұшу жолағына екі рет жанасқан. Осыдан кейін жолақтың соңында әуе кемесі оңға бұрылып кеткен. Оған дейін ұшақтың шассиі көтеріліп, ол ұшуға тырысқан.
Кейінгісін көрдіңіздер, ол дуалға соғылған, үйде ешкім болмаған. Кеме екіге бөлініп қалды, қайтыс болған жолаушылар негізінен ұшақтың алдыңғы бөлігінде отырған, - деді Роман Скляр Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.
Ол зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Бұған дейін, вице-министр бұған дейін "ұшқыштың қателігі немесе техникалық себептер ұшақтың апатқа ұшырауына әкелді" деп мәлімдеді.
Айта кетсек, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылында апатқа ұшыраған. Апат салдарынан 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды. Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.
Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керектігі айтылды. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды.
Ресей президенті Алматы маңында жолаушылар ұшағының құлауына байланысты қазақ халқына көңіл айтты.