Ұшақ апаты: Путин қазақ халқына көңіл айтты

27 Желтоқсан 2019, 14:50
2889
Бөлісу:
Ұшақ апаты: Путин қазақ халқына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей президенті Владимир Путин Алматы маңында жолаушылар ұшағының құлауына байланысты қазақ халқына көңіл айтты. 

Ресей басшысы Владимир Путин Алматыдағы ұшақ апатына байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Путин Ресей халқы жақындарынан айырылған жандардың қайғысына ортақтасатынын жеткізді, - деп мәлімдеді Кремльдің баспасөз қызметі.

Ресей халқы туған-туысқандары мен жақындарынан айырылған адамдардың қайғысына ортақтасады және барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне үмітті, - делінген Ресей мемлекетінің басшысы Путин жолдаған жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды

Өзгелердің жаңалығы