Астанада Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА) XIV пленарлық отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі отырыста ұйымға төрағалық Әзербайжаннан Қазақстанға өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Отырыс аясында ТҮРКПА-ға төрағалық ету міндеті Әзербайжаннан Қазақстанға ресми түрде өтті. Бұл – ұйым жарғысына сәйкес, төрағалық жыл сайын ағылшын әліпбиі тәртібімен ротация арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі отырыс "TURKTIME: парламенттік дипломатияның рөлі" тақырыбымен өтіп жатыр. Іс-шара қорытындысында Астана декларациясы қабылданады.
Айта кетейік, ТҮРКПА – 2008 жылы Қазақстанның бастамасымен құрылған ұйым. Құрамында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия бар. Ұйым мүше елдер арасындағы заңнамалық, мәдени-гуманитарлық және парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
ТҮРКПА-ның келесі XV пленарлық отырысы 2026 жылы Қырғызстанда өтеді.
Бұған дейін Әшімбаев түркі мемлекеттерінің әлеуетін толық пайдалану қажеттігін айтқан еді.
Сондай-ақ жиынның ашылуында Қошанов түркі елдері татулықтың арқасында өркендеп келе жатқанын айтқан болатын. Оған қоса Мәжіліс төрағасы түркі елдерінің ынтымақтастығын күшейтетін бағыттарды атады.
Жалпы ТҮРКПА қандай ұйым екені туралы да жаздық.