Түрік елшісі көмек көрсеткісі келетін қазақстандықтарға нені ескертті?

8 Ақпан 2023, 17:43
3536
Бөлісу:
Түрік елшісі көмек көрсеткісі келетін қазақстандықтарға нені ескертті?
Фото: aa.com.tr

Бұл туралы Түркияның еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, Қазақстанда арнайы шот ашылған, оған Түркия елшілігі жауапты. Сондай-ақ ол зілзаладан зардап шеккен халыққа көмек бергісі келетін қазақстандықтарға қайда жүгінуге болатынын айтты. 

Сонымен қатар гуманитарлық көмек Астанадағы елшілік пен Алматы және Ақтау қалаларындағы бас консулдықта қабылданады. Қазіргі уақытта қазақстандық тарап та арнайы шот ашылатыны айтылуда. Сондықтан сіздерден өтінеріміз, ресми дереккөздер таратқан ақпаратқа сенсеңіздер екен. Өйткені жағдайды пайдаланатын алаяқтық әрекеттер болуы мүмкін деген қауіп бар. Тек ресми ақпарат негізіне сүйеніп қана шешім қабылдауларыңызды сұраймын, - деді Төтенше және өкілетті елші. 

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Түркиядағы зілзаладан 5775 ғимарат қираған, 7108 адам қайтыс болып, 40910 адам жараланған. 

Айта кетерлігі, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барып, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтқан болатын. 

Еске сала кетейік, бұған дейін түрік елшісі Уфук Экиджи көрсеткен көмектері үшін қазақстандықтарға алғыс айтты. 

Өзгелердің жаңалығы