Түрік елшісі қазақстандықтарға алғыс айтты

8 Ақпан 2023, 17:26
945
Бөлісу:
Түрік елшісі қазақстандықтарға алғыс айтты
Фото: автордан

Түркияның еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи Қазақстан халқы мен Президентіне алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен өзге қызметкерлер арқылы жер сілкінісі туралы алғашқы ақпаратты ұсынған сәттен бастап қазақ бауырларымыз көмек көрсетуге дайын екендіктерін айтты. Қазақстандықтар тек көңіл айтып қана қоймай, өздерінің қаржылай және материалдық көмектерін ұсынуда, - деді Төтенше және өкілетті елші елшілікте өткен баспасөз мәслихатында. 

Түрік елшісі қазақстандықтарға алғыс айтты

Осыған байланысты елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар мен мекемелерге игі тілектері мен қолдаулары үшін алғысын жеткізді. 

Түрік елшісі қазақстандықтарға алғыс айтты

Айтуынша, түрік елінде зілзала хабары жеткен сәттен-ақ дүйсенбі күні таңда Мемлекет басшысы Түркия Президентіне бірден көңіл айту жеделхатын жолдаған. Сол күні екі ел басшылары телефонмен сөйлесіп, Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас мемлекеттің қайғысын бөліскен.  

Түрік елшісі қазақстандықтарға алғыс айтты

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Түркиядағы зілзаладан 5775 ғимарат қираған, 7108 адам қайтыс болып, 40910 адам жараланған. 

Түрік елшісі қазақстандықтарға алғыс айтты

Еске сала кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барып, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы