Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды

8 Ақпан 2023, 11:39
1349
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
Фото: дереккөз

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 
 

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барып, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Сондай-ақ Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды

 
Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын, – деп жазды Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы