Павлодар облысында жедел-іздестіру іс-шараларының кешені нәтижесінде интернет-алаяқтықтың бірқатар фактілерін жасады деген күдікке ілінген адамдар тобының қылмыстық әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Топ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, азаматтардың ақшалай қаражатын заңсыз иемденуге бағытталған келісілген схема бойынша әрекет еткен. Полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстады. Бүгінде тергеу барысында тоғыз жәбірленуші анықталды, келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы шамамен 40 миллион теңгені құрайды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД ҰҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Бұл ретте құқық қорғау органдары қылмыс эпизодтары мен жәбірленушілер санының артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның толық мән-жайын, күдіктілердің әрқайсысының рөлін, сондай-ақ ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Полиция цифрлық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды анықтау және жолын кесу, сондай-ақ осындай схемаларды ұйымдастыруға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.