Әлеуметтік желілерде кәмелетке толмаған балаға жергілікті полицейдің иті шабуыл жасағаны және ол қазір «істі жауып тастауға тырысып жатқаны» туралы ақпарат тарады.
Қарағанды облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2026 жылдың 1 мамырында болған.
Теміртау орталық ауруханасының травматология бөліміне Бұқар жырау ауданы, Ақтөбе ауылының 12 жастағы тұрғыны "ит қапқан жара" диагнозымен жүгінген. Аталған дерек бойынша иттің 52 жастағы иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Зардап шегуші емделіп шыққаннан кейін және қажетті процестік іс-қимылдар жүргізілген соң, түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады. Кейбір дереккөздерде тараған «иттің иесі полиция қызметкері» деген ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Оралда 13 жасар баланы ит қауып алғаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
FlyArystan ұшағы Шымкент әуежайында итті қағып кетті
Бұралқы иттер туралы заң: Сенат пікір білдіруге әлі дайын емес
Қаңғыбас иттерге бөлінген миллиардтар қайда? Депутаттар тексеру жүргізуді талап етті