Бұралқы иттер туралы заң: Сенат пікір білдіруге әлі дайын емес 

Алдағы күндері Сенаттың нақты ұстанымы қалыптасуы мүмкін.

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 12:37
Бүгiн 2026, 12:37
95
Фото: ©BAQ.KZ архиві

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы Сенатқа келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Сенат кулуарында Палата төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, құжат Сенатқа жуырда ғана келіп түскен, сондықтан депутаттар онымен толық танысып үлгермеген.

Қазір бізде жұмыс процесі басталып жатыр. Құжат комитеттерге бөлінді. Депутаттар оны қарауға кіріседі. Одан кейін жұмыс тобы аясында, қоғам өкілдерін тарта отырып, бұл мәселелер жан-жақты талқыланады. Кейін оны пленарлық отырысқа шығарамыз. Яғни біз бұл заңмен әлі толық танысып үлгерген жоқпыз, сондықтан бізге уақыт қажет. Біраз уақыттан кейін осы нормаларға қатысты пікір білдіруге дайын боламыз. Қазір біз заңды толық көрген жоқпыз, тек қоғам белсенділері мен Мәжіліс депутаттарының айтқанын ғана естіп отырмыз. Сондықтан алдымен құжаттың өзін мұқият зерделеуіміз керек, – деп түсіндірді Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, заң жобасының барлық нормалары жан-жақты қаралғаннан кейін, алдағы 7–10 күн ішінде Сенаттың нақты ұстанымы қалыптасуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Әшімбаев Қазақстанда жаңа партия пайда бола ма деген сауалға жауап берді.

Наверх