Теміртаудан Қарағандыға барар жолда Mazda автокөлігін басқарған 18 жастағы бойжеткен жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты. Апат 26 қазан күні таңертең ерте болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына жауап жолдап, жол-көлік оқиғасы сағат 06:33-те «Бүркіт» дәмханасының маңында болғанын мәлім етті.
26 қазан күні сағат 06:33-те №15 магистральда, «Бүркіт» дәмханасының маңында, алдын ала мәліметтер бойынша, «Мазда» автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі орға аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші медициналық мекемеге жеткізіліп, алған жарақаттарынан қайтыс болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - делінген Қарағанды облысы ПД жауабында.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада рөлде телефонмен сөйлесіп, жаяу жүргіншіні қағып өлтірген автобус жүргізушісі жазаланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Астанада көлігінің ақауына байланысты тоқтаған жүргізушіні басқа көлік қағып өлтірді
Астанада қызды көлігімен қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші анықталды
Қызылордада жүргізуші сәбиі бар әйелді көлігімен қағып, қашып кеткен: Бала қайтыс болды