Апат Мәңгілік ел даңғылында болған. «Zeekr» автокөлігі қарсы бағыттағы автобусқа жол бермеген. Бұл туралы Астана қаласының ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жол көлік оқиғасы 29 қыркүйекте кешкі уақытта болған.
«Zeekr» автокөлігінің жүргізушісі Мәңгілік ел даңғылымен Қабанбай батыр даңғылы жағынан келе жатып, Хусейн бен Талал көшесімен қиылыста солға бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан «Yutong» қоғамдық автобусына жол бермеген, салдарынан соқтығысу орын алды. Жол-көлік оқиғасынан «Zeekr» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ автобустың екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. «Zeekr» автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылды. ЖКО фактісі бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Астана қаласының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардың барлығын Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда аса мұқият әрі сақ болуға шақырады.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада қызды көлігімен қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші анықталды.
Тағы оқи отырыңыз:
Меркідегі жол апатынан 4 адам қайтыс болды
Астанада көпірде екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды
Ақтөбеде ер адам «көлікпен қағып кеттің» деп жүргізушілерден ақша бопсалаған