жұмыс
-
-
Кездейсоқ тарап кеткен хат үлкен шешімді ашты: Алпауыт компания 16 мың қызметкерін қысқартады
Америкалық технологиялық алпауыт Amazon жаһандық ауқымда 16 мың қызметкерін қысқартатынын ресми түрде растады. Бұл туралы компания қызметкерлерге арналған электронды хаттың кездейсоқ тарап кетуінен кейін белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.01.2026
-
ЖИ еңбек нарығын қайта форматтайды: Әлемде жұмыс орындарының 15%-ы қысқаруы мүмкін
Жасанды интеллекттің (ЖИ) қарқынды дамуы әлемдік еңбек нарығына түбегейлі өзгерістер әкелуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28.01.2026
-
Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жүйесі қалай өзгереді?
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева депутаттардың мұғалімдерді аттестациялау және жұмысқа қабылдау рәсімдеріне қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.01.2026
-
Жұмысқа орналасу жеңілдейді: 2ГИС жаңа функцияны іске қосты
2ГИС мобильді қосымшасында жұмыс іздеушілерге арналған жаңа мүмкіндік пайда болды. Енді қолданушылар карта арқылы геолокацияға байланған бос жұмыс орындарын көріп, өздеріне ыңғайлы ұсыныстарды оңай таңдай алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.01.2026
-
Зиянды саладағы жұмысшыларға арнайы төлем: Кімдер қанша алды?
2025 жылдың қорытындысы бойынша зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеген азаматтарға арналған арнайы әлеуметтік төлем (АӘТ) 6 289 қазақстандыққа тағайындалды. Жалпы төлем алу үшін 6 675 адам өтініш берген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26.01.2026
-
Қазақстанда орташа жалақы 429 мың теңгеден асты
Қазақстанда жұмыспен қамтылған халық саны 9,7 миллионнан асты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің редакциямызға берген жауабында айтылған.
26.01.2026
-
Алматыда Кореяға жұмысқа орналастыратын арнайы орталықтар ашылады
Алматы облысы Қонаев қаласында өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев Корея Республикасының еңбек миграциясы жөніндегі делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25.01.2026
-
1975 жылдан кейін туғандарға зейнетақы басқаша есептеледі
2025 жылы жұмыс берушілер 5 514 050 жұмыскердің пайдасына 760 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.01.2026
-
Кореяда жұмыс істеп жүргендерге үндеу: Қазақстандықтар елден айыппұл төлемей кете алады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Корея Республикасында заңсыз еңбек етіп жүрген қазақстандықтар 2026 жылғы ақпан айының соңына дейін айыппұл салынбай және қайта кіруге тыйым салынбай, елден ерікті түрде шыға алатынын еске салады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
22.01.2026
-
Жұмыссыздарға 130 млрд теңге: Қанша қазақстандық төлем алды?
2025 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлемді 354,2 мың адам алған. Оның ішінде 311,9 мың азаматқа төлем дәл осы жылы тағайындалған. Жұмыссыздарды қолдауға бағытталған қаражаттың жалпы көлемі 130,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21.01.2026
-
Елімізде өткен жылы 912 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
Субсидияланатын жұмыс орындарына 171,8 мың адам жұмысқа орналасты, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарында 13,5 мың адам, жастар практикасында 30,6 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 100,8 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 19,4 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 7,1 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде 335 адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.01.2026
-
Еш жерде жұмыс істемеген адам қандай зейнетақы алады?
Қазақстанда зейнетақы жүйесі заңмен айқындалып, азаматтардың еңбек өтілі мен жинақтарына қарай есептеледі. Жұмыс істемеген адам да кейбір жағдайларда зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. Бұл – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі мен зейнетақы жүйесі бойынша бекітілген тәртіп.
19.01.2026
-
2025 жылы еңбек инспекторлары 62,8 мың жұмыскердің құқығын қорғады
2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республика бойынша 629 кәсіпорында жүргізілген тексерулер барысында 11,9 мыңнан астам жұмыскерге жалақы бойынша 3,1 млрд теңгеден астам берешек барын анықтады. Сонымен қатар еңбек заңнамасының 8,7 мыңнан астам бұзушылық фактісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Еңбек және халықты әлеуметтік қолғау министрлігіне сілтеме жасап.
16.01.2026
-
1,8 млн теңге: Жоғары жалақы беретін қызметтер белгілі болды
2025 жылғы желтоқсанда Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында (ЭЕБ) еңбек нарығындағы теңгерім айтарлықтай өзгерді. Ай қорытындысы бойынша жұмыс берушілер 109,6 мың бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздеушілер небәрі 71,5 мың түйіндеме орналастырған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.01.2026
-
АӘК пен жұмыссыздық жәрдемақысы: Кімге қандай көмек беріледі?
Атаулы әлеуметтік көмек пен жұмыссыздық бойынша жәрдемақының екеуі де табысынан айырылу төлемімен байланысты. Алайда олар әртүрлі қағидаттар бойынша жұмыс істейді және қаржыландыру көздері де бөлек, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
13.01.2026
-
2026 жылдан бастап жұмыс берушілер зейнетақыға көбірек төлейді: Кімге, қанша және не үшін?
Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшері артты. Енді жұмыс берушілер әр қызметкері үшін оның табысының 3,5 пайызын зейнетақы қорына аударуға міндетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
13.01.2026
-
Енді жұмыс берушілер қызметкері үшін көбірек жарна төлейді
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері ұлғайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.01.2026
-
2026 жылы Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы өседі
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа еңбекақы жүйесі аясында офицерлердің жалақысы 23%-ға, әскерилер мен сержанттар құрамының жалақысы 10%-ға көтерілетіні жоспарлануда. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.01.2026
-
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшіне квота бекітілді: Кімге қанша рұқсат берілді?
Елімізде ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгіленеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.01.2026
-
Астана LRT қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды
Астана қаласындағы Жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасы кадр құрамын күшейту мақсатында 30-дан астам лауазым бойынша қызметкерлерді оқыту және жұмысқа қабылдауды бастады. Жоба аясында инженерлік, техникалық және басқарушылық бағыттағы мамандарға сұраныс жоғары.
09.01.2026
Наверх