Все новости за 4 қазан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ұлттық кино орталығы ТҮРКСОЙ аясында ынтымақтастықты кеңейтті
Ақтауда өтіп жатқан түркі әлемінің халықаралық «Қорқыт ата» кинофестивалі аясында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстанның кинематография саласындағы мемлекеттік ұйымдарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
-
Аяз, көктайғақ, қатты жел: 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 5 қазанда елдің 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шығын – 1 млрд теңге: мұнай контрабандасына қатысты қылмыстық топқа үкім шықты
Қылмыстық топ мүшелері мемлекетке 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген. Сот оларды нақты мерзімге бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
-
"AMANAT және AI: Bolashaqqa Qadam": партия Digital Bridge-де цифрлық бастамаларды ұсынды
"Digital Bridge 2025" халықаралық форумы аясында "AMANAT" партиясы "AMANAT and AI: Bolashaqqa Qadam" панельдік сессиясын өткізді. Онда саясаттағы, экономикадағы және әлеуметтік саладағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды.
-
Әртістік жүзуден Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы алғашқы күні үш алтын алды
Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды. Оның үшеуі – алтын, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
-
Қызылордада УЕФА стандартына сай жаңа стадион ашылды
Қызылорда қаласында 11 мың көрерменге арналған заманауи көпсалалы стадионның салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Эми дауылы: Амстердам әуежайында ондаған рейс кейінге қалдырылды
Еуропадағы ең ірі әуежайлардың бірі — Амстердамдағы Схипхол әуежайында "Эми" дауылының жақындауына байланысты ондаған әуе рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
-
Индонезияда мектеп ғимараты опырылып, 14 адам қаза тапты
Индонезияның Сидоарджо қаласында ислам мектеп-интернаттың ғимараты құлап, қаза тапқандар саны 14 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Report агенттігіне сілтеме жасап.
-
Қазақстанда 23 жыл бұрын жасалған кісі өлімі ДНҚ-тестінің арқасында ашылды
Ақмола облысында ДНҚ талдауы 23 жыл бұрынғы кісі өлімін ашуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Digital Bridge 2025 форумында оқушыларға ерекше қазақстандық стартап ұсынылды
Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумында Орталық Азиядағы ең ірі білім беру жобаларының бірі – қазақстандық Qalan платформасы ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Мектептегі білім беру мәселелерін шешуге бағытталған әзірлеме – Мемлекет басшысының сапалы білімге тең қол жеткізуді және білім
-
Қалалар адамның бақылауынсыз не жоғалтады – сарапшы пікірі
Digital Bridge 2025 форумы аясында өткен "ЖИ және қалалар: баяндау, кеңістік және қоғам" атты панельдік сессияда архитектор әрі ICON-M ғылыми жобасының жетекшісі Башаар Тарабай жасанды интеллектіні қалалық жоспарлау мен мәдени мұраны сақтауда қолданудың мүмкіндіктері мен тәуекелдері туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ең алдымен көмекші – сарапшы ЖИ-дің журналистикадағы рөлі туралы айтты
Digital Bridge 2025 форумы аясында өткен "ЖИ бізден жақсы жаза ма? Журналистиканың болашағы дәл қазір шешілуде" атты панельдік сессияда "Qazcontent" АҚ SEO-маманы Аршат Ораз жасанды интеллектінің заманауи журналистикадағы орны мен мүмкіндіктері туралы ой бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Люксембургтің жаңа Ұлы Герцогы Гийомға құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің жаңа Ұлы Герцогы Гийомды таққа отыруымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Министрлік "Қазақфильм" киностудиясына қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық "Қазақфильм" киностудиясына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Бахрейн СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
Бахрейн тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрі Абдуллатиф бен Рашид Әл-Заянимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді
Сейсмикалық станциялар желісі 4 қазан күні сағат 17:42-де (Астана уақытымен) Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Смарт-қалалар адамды технологияға тәуелді етпеуі керек – сарапшы
Астанада өткен Digital Bridge 2025 форумы аясындағы панельдік сессияда Urban Living компаниясының серіктесі, қалалық кеңістіктерді дамыту директоры Риккардо Марини смарт-қалалар құрудағы басты мәселелер мен цифрлық экожүйедегі адамның рөлі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада алма фестивалі өтті
БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) 80 жылдығы мен Дүниежүзілік азық-түлік күніне орай Астанада Алма фестивалі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаһандық энергия дағдарысы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
Энергетика саласындағы әлемдік тұрақсыздық жағдайында Қазақстан жаңаша жол іздеп, өз әлеуетін толық пайдалана алады. Мұнай, газ және уран экспортында бай ресурстары бар ел ретінде Қазақстан тек шикізат жеткізуші ғана емес, стратегиялық серіктеске айналуға мүмкіндікке ие, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Astana Hub Battle додасында Орталық Еуразиядан жиналған 180 стартап бақ сынады
Digital Bridge 2025 форумы аясында IT әлемдегі ең ірі стартап-додаларының бірі – Astana Hub Battle өтті. Орталық Еуразия елдерінен жиналған 180 IТ-компания өз өнімін дамыту үшін жалпы сомасы $125 000 құрайтын жүлде қорын сарапқа салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жасанды интеллект шығармашылық үдерісті қалай өзгертуде
Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2025 форумында "Креатив индустриялардағы жасанды интеллект: өнер, музыка және баяндау жаңа қырынан" атты панельдік сессия өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Түркияда оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады: қаза тапқандар бар
Түркияның солтүстік-батысындағы Балыкесир провинциясында мектеп оқушыларын алып келе жатқан автобус ауыр жол апатына түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ЖИ – теміржолда: цифрландыру Қазақстанның теміржол жүйесін қалай өзгертуде
Қыс мезгілінде Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы -40°C-қа дейін төмендесе, жазда рельстер аптап ыстықта қызып кетеді. Мұндай жағдайда теміржол техникасы ондаған жыл бойы мүлтіксіз жұмыс істеуі қажет, себебі бір ғана ақау тұтас бағыттағы қозғалысты тоқтатып қоюы мүмкін.
-
Шымкентте 35 жас сарбаз қарулы күштер қатарына шақырылды
Республикалық маңызы бар қаланың жинақтау пунктінде 35 бозбаланы әскери борышын өтеуге салтанатты жағдайда шығарып салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Денис Тен мемориалында жекелей сайыстағы үздіктер анықталды
Мәнерлеп сырғанаудан Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында әйелдер арасындағы жекелей сайыста үздіктер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Олжас Бектенов: Президенттің бастамалары Қазақстанның келесі технологиялық серпілісіне бағытталған
Премьер-министр Олжас Бектенов Digital Bridge: Generative Nation халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысып, Digital Bridge Awards сыйлығының лауреаттарына марапаттар табыс етті және цифрлық шешімдер көрмесін аралады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркияда жер сілкінді
Түркияның Күтахья провинциясына қарасты Симау ауданында таңертең магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда қанша педагог бар?
Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында 600 мыңға жуық педагог жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жасанды интеллект Алматыны экологиялық дағдарыстан құтқара ала ма?
Алматы экологиялық жүктеменің ең жоғары деңгейінде өмір сүріп келе жатқанына біраз болды. Қала ауаның қатты ластануы, көлік тығыны мен ресурстарды тиімсіз пайдалану сияқты күрделі мәселелерге тап болып отыр. Мамандардың айтуынша, қыста зиянды заттардың концентрациясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген нормадан бірнеше есеге асып түседі. Мұның бәрі қала тұрғындарының денсаулығы мен өмір сапасына тікелей әсер етуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Атырауда екі қабатты мейрамхана өртенді
Атырау қаласында екі қабатты мейрамхана кешенінің шатыры өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды
Руслан Берденов Алматы даму орталығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп: ХАМАС бейбіт келісімге дайын
АҚШ президенті Дональд Трамп палестиналық ХАМАС қозғалысы барлық израильдік тұтқындарды босатуға және Вашингтон ұсынған бейбіт реттеу жоспарын қабылдауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Иранда Қызыл Жарты ай тікұшағы апатқа ұшырады
Иранның Лурестан провинциясында Қызыл Жарты ай қоғамына тиесілі тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңа ереже: 20 қазаннан бастап көлік әкелу тәртібі өзгереді
20 қазаннан бастап Қазақстанда көліктерді әкелу мен тіркеу ережелеріне жаңа талаптар енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Денис Тен мемориалы: қазақстандық Анна Санникова үздік алтылыққа енді
Мәнерлеп сырғанаудан Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында алғашқы жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан астығы Швеция нарығына шығуы мүмкін
Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі Ербол Тасжүреков бастаған делегация ауыл шаруашылығы ғылымы, технологиялар, білім беру және сауда саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Швецияға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Цифрлық теңге: қаржылық еркіндік пе, әлде толық бақылау ма?
Қазақстанда цифрлық теңге жобасы іске асып келе жатыр. Ұлттық банк 2021 жылдан бері пилоттық кезеңін жүргізіп, 2025 жылға қарай толық қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр. Бұл – ұлттық валютаның жаңа формасы ғана емес, елдің қаржылық экожүйесін түбегейлі өзгертетін қадам, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтауда TurkicSkills-2025 кәсіби шеберлік халықаралық чемпионаты басталды
Ақтау қаласында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында алғашқы халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты TurkicSkills 2025 басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
56 жастағы миллионер еден жуушы болып жұмыс істейді
56 жастағы жапон азаматы Коити Мацубара жыл сайын жылжымайтын мүліктен және инвестициялардан шамамен 30 миллион иен табыс табады. Соған қарамастан, ол аптасына үш рет еден жуушы болып жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбеде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді
Облыс әкімі Асхат Шахаров жұмыс сапары аясында Алға қаласындағы орталық стадионның күрделі жөндеу жұмыстарымен және дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Хамас Трамптың ультиматумын қабылдады
Бүгін, таңертең Хамас Дональд Трамптың жоспарына сәйкес барлық кепілге алынғандарды босатуға және Газа секторын бақылауға беруге келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп Бейбітшілік келісіміне келу туралы ультиматум қойды
Бұл АҚШ-тың Газа секторындағы жағдайды реттеу жоспарына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жуырда Трамп бейнеленген монеталар шығуы мүмкін
АҚШ-тың негізі қаланғанына 250 жыл толуын мерекелеу аясында АҚШ қазынашылығы президент Дональд Трамп бейнеленген жаңа коллекциялық бір долларлық монеталарды шығаруды қарастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тарихта алғаш рет Англия шіркеуінің көшбасшысы әйел болды
Жаңа архиепископ болып 63 жастағы Сара Малалли тағайындалды. Ұлыбританияда Англия шіркеуінің рухани жетекшісі Кентерберидің жаңа архиепископы тағайындалды. Бұл лауазымды 1400 жылдық тарихта алғаш рет әйел адам атқаратын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
-
4 қазанға арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлыбританияда қауіпті масалар анықталды
Ұлыбританияда алғаш рет үш бірдей қауіпті тропикалық ауруды тарата алатын масалар анықталғаннан кейін ғалымдар шұғыл ескерту жасады. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасай отырып BAQ.KZ хабарлайды.
-
Алматыда жолда жанжал шығарған ер адам қамауға алынды
Әлеуметтік желілерде екі ер адамның арасындағы жолдағы жанжалдың видеосы тарады. Кадрда олардың бірінің қолында тапаншаға ұқсас зат болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Омбы – Майқапшағай тас жолында төрт адам қаза тапты
3 қазанда Омбы-Майқапшағай халықаралық тас жолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Жыл волонтеры" халықаралық сыйлығына онлайн-дауыс беру басталды
Техникалық іріктеу қорытындысы бойынша байқауға 174 үміткер қатысып жатыр7 2025 жылғы 6–15 қазан аралығында Qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасында "Жыл волонтеры" халықаралық сыйлығының алғашқы кезеңі – онлайн-дауыс беру өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте садақ атудан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі өтеді
Шымкентте садақ атудан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Иранда іздеу-құтқаруға арналған тікұшақ апатқа ұшырады
Бұл туралы Лорестан провинциясындағы Қызыл Жарты ай өкілі Әли Мохаммади мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх