Все новости за 28 қазан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Абай облысында жүкті әйелдерге арналған пансионат ашылды
Абай облысында әлеуметтік және медициналық қолдауға мұқтаж жүкті әйелдерге арналған жаңа пансионат ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Тұман мен жаңбыр: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 29 қазанда Қазақстанның 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
-
Атырау облысында түйе жасөспірімге шабуыл жасады
Атырау облысының Құлсары қаласында түйе жасөспірімге шабуыл жасап, нәтижесінде ол жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Atyrau OIL Telegram-арнасына сілтеме жасап.
-
Ақтаудағы тұрғын үйде болған жарылыс: "QAZAQGAZ AIMAQ" түсініктеме берді
Ақтау қаласындағы тұрғын үйдің жертөлесінде болған жарылыстан кейін "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Маңғыстау өндірістік филиалы оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
-
АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары қазақ халқының қонақжайлығына тәнті болды
Елімізге іссапармен келген АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматы туралы әсерлі жазбасымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан балуаны еркін күрестен Азия ойындарының чемпионы атанды
Қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек еркін күрестен Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
1 қарашадан бастап судың ақысы жаңа әдістеме бойынша есептеледі
2025 жылғы 1 қарашадан бастап сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көлемін есептеу бойынша жаңа әдістеме күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанның жағажай волейболшылары екі медаль иеленді
Қазақстанның жағажай волейболы құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өткен III жасөспірімдер Азия ойындарындағы жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы Заңға қол қойылды
Қазақстан Республикасының президенті «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру қауіп-қатеріне баға беретін халықаралық орталықты құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда қайтыс болған донор 6 адамның өмірін құтқарды
Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада дәрігерлер ерекше әрі күрделі операция – қайтыс болған донордан бірнеше ағзаны алу отасын сәтті өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
-
2025 жылғы спорт саласындағы жетістіктер қандай?
2025 жылғы 16 маусымнан бастап бюджет қаражаты есебінен шетелдік легионерлерді қаржыландыруға тыйым салу, Олимпиада, Паралимпиада, Азия ойындары мен Ұлттық ойындардың нәтижелері бойынша басымдықпен қаржыландыру, мүгедектігі бар спортшыларды қолдау және спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарын енгізу бойынша түзетулер күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мәулен Әшімбаев: Парламенттік реформа – демократиялық даму жолындағы маңызды қадам
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев 24KZ телеарнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасында Мемлекет басшысы ұсынған парламенттік реформаның мақсаты мен маңызына түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президенттік жастар кадр резервіне 50 адам қабылданды
2025 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша 50 адам Президенттік жастар кадр резервіне қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қыс қандай болады?
Алдын ала болжам бойынша, 2025-2026 жылғы қыс мезгілі қоңыржай жылы болады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Икемді жұмыс уақыты кімге белгіленуі мүмкін?
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, енді қызметкерлерге, соның ішінде қашықтан жұмыс істейтіндерге де, икемді жұмыс уақытының режимін енгізуге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Алға бір, артқа екі қадам": Сарапшы бензин бағасын тежеу шешімін түсіндірді
Қазақстан үкіметі АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасын 2026 жылдың көктеміне дейін көтеруге тыйым салу туралы мораторий енгізді. Бұл шешімнің мақсаты – инфляцияны тежеу және ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтау. Алайда сарапшылардың айтуынша, мұндай қадам жанармай тапшылығына, инвестициялық ахуалдың нашарлауына және еліміздің ЕАЭО-ның бірыңғай отын-энергетикалық нарығынан қалып қоюына әкелуі мүмкін. Толығырақ – BAQ.KZ тілшісінің эксклюзивті материалында.
-
Мәулен Әшімбаев: Реформаларының негізгі мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын арттыру
24KZ телеарнасының «Бетпе-бет» бағдарламасында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізде жүзеге асып жатқан экономикалық реформалардың мақсаты туралы айтты. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру екенін ерекше атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев: Қазақстанда финляндиялық 50-ге жуық компания жұмыс істейді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб «Қазақстан – Финляндия» бизнес форумына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2025 жылдың соңына дейін қанша күн демаламыз?
Қазақстанда 2025 жылы жалпы 119 демалыс күні белгіленген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы зиратындағы темір қоршаулар ұрланып жатыр ма?
Алматыдағы “Батыс” зиратында кей темір қоршауларды жүк көлігі әкеткен. Бұл туралы ақпарат желіде тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтаудағы газ баллонының жарылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ақтаудағы газ баллонының жарылуына қатысты өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қазақстанға АҚШ Президентінің арнайы өкілі келді
АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматыға келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда "Жасыл балабақшалар" саны артып келеді
Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық жалпыұлттық қозғалысы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жасыл балабақша» жобасына қатысатын мектепке дейінгі ұйымдардың саны артып келеді. Бүгінде бұл жоба шеңберінде өңірлерде 156 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Заң және тәртіп: Сенат Спикері құқықтық мемлекеттің басты қағидаты туралы айтты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев 24KZ телеарнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасында мемлекеттің құқықтық дамуының маңызы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
191 млн теңге "жоғалды": Түркістанда басқарма басшысы ұсталды
ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысыныңбірқатар жергілікті атқарушы органдары басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Финляндия арасында 15 құжатқа қол қойылды
Финляндия президенті Александр Стуббтың елімізге ресми сапары аясында 15 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Финляндия: Жаңа дәуірдегі стратегиялық серіктестік басталды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Республикасының Президенті Александер Стуббтың бірлескен мәлімдемесі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтаудағы газ баллоны жарылысы: бір адам жансақтау бөлімінде жатыр
Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы Ақтаудағы тұрғын үйдің жертөлесінде болған газ жарылысы кезінде зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
-
Алматыдағы түтін: Ауа сапасын жақсарту үшін қандай шаралар ұсынылды
Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандықтар рекордтық қаражат жинап отыр – зейнетақы жинағы 25 трлн теңгеден асты
2025 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша қазақстандықтардың жалпы зейнетақы жинақтарының көлемі 25,73 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,56 трлн теңгеге немесе 21,5%-ға көп, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) сілтеме жасап.
-
Тоқаев: Финляндия Қазақстанның Еуропадағы басты сауда серіктестерінің бірі
Қазақстан мен Финляндия президенттерінің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен одан әрі жалғасты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Семейдегі түзету колониясында сотталушы қайтыс болды
Желіде Семейде түзеу мекемелерінің бірінде төтенше жағдай болғандығы туралы ақпарат тарады. Пайдаланушылардың жазуынша, бір сотталған қаза тауып, бірнеше адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Илон Маск "Википедияға" балама энциклопедиясын іске қосты
Америкалық кәсіпкер Илон Маск Grokipedia атты жаңа онлайн-энциклопедияны таныстырды. Жоба өзін "Википедияға" бәсекелес платформа ретінде таныстырып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Business Insider-ге сілтеме жасап. Іске қосылған сәтте порталдың кітапханасында 885 279 мақала болған.
-
Ақтауда көпқабатты үйдің жертөлесінде жарылыс болды
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінде газ-ауа қоспасы жарылып, бес адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
-
13 трлн теңге инвестиция: Қазақстан энергетика жүйесін қалай жаңғыртып жатыр
Қазақстан энергетика саласында құрылымдық өзгерістер кезеңін бастан кешіп жатыр. Қазіргі уақытта елде 234 электр станциясы жұмыс істейді, оның ішінде 158-і – жаңартылатын энергия көздері, жалпы қуаты 3 ГВт-тан асады. Алайда энергетикалық инфрақұрылым әлі де осал күйінде қалып отыр: жабдықтардың орташа тозу деңгейі 56 пайызға жеткен. Бұл өсіп келе жатқан энергия тұтынуын толық қамтамасыз ету мүмкіндігін шектейді. Ендігі басты мақсат – энергетикалық жүйені жаңарту және қуат көздерін әртараптандыру. Осы бағытта газ жобаларының дамуы, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және "инвестицияға айырбасталған тариф" бағдарламасы ерекше рөл атқарады. Осы бастамалардың жүзеге асырылу барысы туралы BAQ.KZ тілшісі зерттеп көрген болатын.
-
Қазақстан мен Финляндия сауда және инвестициялық байланыстарды тереңдетуге ниетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Республикасының президенті Александр Стуббпен ресми келіссөз жүргізді. Тараптар сауда-инвестициялық, гуманитарлық және сыртқы саясат салаларындағы өзара ықпалдастықты тереңдету мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Астанада пациенттің өлімінен кейін клиника жұмысы уақытша тоқтатылды
Биыл 3 маусымда Астанадағы Medina Plastic Surgery жеке клиникасында мұрын кеңсірігін түзету бойынша жоспарлы операциядан кейін Ақтаудың 59 жастағы тұрғыны көз жұмды. Әйел ұзақ уақыт тыныс алудың қиындығына шағымданып, хирургиялық көмекке жүгінген. Алайда жоспарлы операция қайғылы аяқталды. Оқиғаға қатысты BAQ.KZ тілшісі толығырақ зерттеп көрген болатын.
-
Әлем: Трамп пен Жапонияның серіктестігі, Литвадағы дағдарыс және Азияның жаңа бағыты
Соңғы тәуліктегі әлем бойынша орын алған ең маңызды да өзекті жаңалықтарды назарларыңызға ұсынамыз: Литвадағы гибрид шабуыл, Трамп пен Жапонияның жаңа келісімі, Австралияның дипломатиялық серпіні және жаһандық саясаттағы өзгерістер, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан қысқа дайын ба? – Энергетика министрлігі жауап берді
Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Үкіметте өткен брифингте өңірлерде күзгі-қысқы жылыту кезеңіне дайындық жұмыстарын бағалап, негізгі жөндеу және модернизация жұмыстарының 90%-дан астамы аяқталғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақордада Финляндия президентін қарсы алды
«Ақорда» резиденциясында Финляндия президентін қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Көктемге дейін тарифтер көтерілмейді, бірақ одан кейін не болады?
Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Үкіметте өткен брифингте мемлекет бойынша коммуналдық жүйелерді модернизациялау жұмыстары тоқтамайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депозит ашу рекордтық көлемге жетті: Қазақстанда депозиттер қанша пайызбен ашылады
2025 жылдың қыркүйегінде қазақстандықтардың банктердегі депозиттері 26,4 трлн теңгеге жетіп, тарихтағы ең жоғары көрсеткішке шықты. Ал теңгедегі салымдар бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі 14,4% болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда қыста жарық өшіріле ме?
Қыста еліміздің тұрғындарын электр энергиясынан тапшылық көрмейді. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Кариб теңізінде 6,5 магнитудалы жер сілкінісі болды
Францияға тиесілі Гваделупа аралының маңындағы Кариб теңізінде 6,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Энергетикадағы ЖИ мен цифрландыру: Үкімет басшысының нақты тапсырмалары
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында энергетика саласындағы цифрлық трансформацияның маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Энергияны тұтыну қарқыны жылдан жылға арта береді – Үкімет
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында энергияны тұтыну қарқыны жылдан жылға арта беретінін айтып, саланы дамыту қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бектенов: 2035 жылға дейін жаңа энергия көздерін іске қосуымыз керек
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында энергетика саласындағы 2035 жылға дейінгі міндетті атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ҰҚК теракттің алдын алды: 5 шетелдік ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында 2025 жылдың қыркүйегінде 5 шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актісінің алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыдағы Баум тоғайындағы ағаштардың кесілуі: жаңа деректер айтылды
Баум тоғайын қайта жаңарту жобасының демеуші компаниясы жоба аясында ешқандай ағаш кесу қарастырылмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Енді көмірден энергетика секторына дейінгі жұмыстар онлайн басқарылады
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында Қазақстан энергетика саласында Бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесін (БМБЖ, EnergyTech) құру және енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемдегі ең қарт қызметтегі мемлекет басшысы кім екенін білесіз бе?
Ол билікте 40 жылдан астам уақыт отыр.
-
Қазақстан көмірден таза энергия өндірмек
Энергетика министрлігі Қазақстанда көмірден алынатын электр қуатын таза көмір технологиясы негізінде дамытуға бағытталған бірқатар ірі жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ведомство басшысы Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2029 жылға дейін Қазақстанның энергетика жүйесі қалай дамиды
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында елдің энергетикалық жүйесінің штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын және 2035 жылға дейін қосымша 26 ГВт жаңа генерациялау қуаттарын енгізу жоспары белсенді жүзеге асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Америкадағыдай тиімді ме: автолизинг қазақстандықтар үшін қаншалықты пайдалы
Қазақстанда халыққа арналған автолизинг жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта банктер мен мемлекеттік институттар болашақ бағдарламалардың нақты шарттарын – пайыздық мөлшерлемелерді, мерзім мен бастапқы жарнаны әлі жариялаған жоқ. Дегенмен сарапшылар бұл тетіктің қалай жұмыс істеуі мүмкін екенін және оның қазақстандықтар үшін қаншалықты тиімді болатынын қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Желіде даулы видео тарады: Дене шынықтыру сабағында кішкентай қыз жарақат алды
Екібастұзда ерекше қажеттіліктері бар бала дамыту орталығындағы бейімделген дене шынықтыру сабағынан кейін жарақат алды. Оқиға бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Чех Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Жаңа жобалар мен көрсеткіштердің артуы: көлік жүйесінің дамуы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік инфрақұрылымын жаңғырту және еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде логистика жүйесінің тиімділігін арттыруға, өңірлердегі көлік байланысын жақсартуға және орнықты экономикалық өсім үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылуда.
-
Семейде бірнеше үй отқа оранды
Семей қаласында, Гёте көшесіндегі жеке аумақта өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен ауылшаруашылық кластерін құрады
Қазақстанмен Өзбекстанның шекаралық аймақтарында бірнеше бірлескен ауылшаруашылық кластері құрылады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
-
ФИФА: Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде тағы бір үлкен футбол турнирі пайда болады
ФИФА президенті Джанни Инфантино жексенбі күні Малайзияда өткен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері Қауымдастығының 47-саммитінде жаңа футбол турнирі – АСЕАН Кубогын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.
-
Жер сілкінісінен кейін ғимараттар құлады – Ердоған мәлімдеме жасады
БАҚ Түркияның батысында 6,1 балдық жер сілкінісі болған ғимараттардың қирағанын хабарлады. Президент Режеп Тайып Ердоған төтенше жағдайлар қызметтері залалды бағалап, зардап шеккен аудандардағы жағдайды бақылап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркияда 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болды
Мәрмәр теңізі аймағында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болды, Ыстамбұл мен көршілес провинциялардың тұрғындары дүмпулерді сезді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан БҰҰ-ның Киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қойды
Қазақстан БҰҰ-ның Киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қос медаль иеленді
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы көз жұмды
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев 52 жасында дүниеден озды. Қаралы хабарды Қазақстан футбол федерациясы растады, деп хабарлайды BAQ.KZ Astana TV-ға сілтеме сілтеме жасап.
Наверх