Все новости за 20 қазан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Министрлік мәлімдемесі: Орынбор ГӨЗ-дегі апат Астананы газдандыруға әсер етті ме?
Еліміздің Энергетика министрлігі Орынбор газ өңдеу зауытында (ГӨЗ) таяуда болған апат Астанаға газ жеткізу жұмысына кері әсер ету ықтималдығы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әйелдер күресінен әлем чемпионаты: ұлттық құраманың тізімі жарияланды
22-25 қазан аралығында Сербияның Нови-Сад қаласында өтетін 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында әйелдер күресінен ел намысын қорғайтын балуандар белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастық перспективалары өте зор, әсіресе экономикалық салада
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевтің кездесуі екі ел арасындағы өзара сенім мен стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Сарапшылардың пікірінше, бұл сапардың маңызы ерекше – ол тек символдық сипатқа ие емес, сонымен бірге саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетудің нақты тетіктерін айқындайтын тарихи қадам болмақ. Біз бұл кездесудің мәні мен нәтижелері туралы пікір алу үшін «Оңтүстік Кавказ» саясаттанушылар клубының жетекшісі Ильгар Велизадемен сұхбаттастық.
-
Президент Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 20 қазанда көрнекті мәдениет қайраткері, "Отан" орденінің иегері Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Семейде 5 автокөліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды
Семей қаласында бес автокөліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды. Екі көліктің жүргізушілері зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Адам тағдырына араша: Жетісуда есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды
Полиция, прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бірлескен әрекеттерінің нәтижесінде Жетісу облысында синтетикалық есірткі шығаратын жасырын зертхананың қызметі тоқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Қайрат" – мықты команда, бірақ біз жеңуге ниеттіміз – "Пафостың" бас бапкері
Кипрдің “Пафос” клубының бас бапкері Хуан Карлос Карседо УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда “Қайратқа” қарсы өтетін матч алдындағы командасының көңіл күйімен бөлісті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Сейсенбіде 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
2025 жылы 21 қазанда Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Ұлттық қор мен бюджет тұрақтылығы: Президенттің тапсырмалары жүзеге асуда
Бүгін Мәжілістегі "AMANAT" партиясы фракциясының кеңейтілген жиыны барысында халық қалаулылары "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" және "2026-2028 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" заң жобаларын қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сирек есімдер: Елімізде "Қазақстан" деп аталатын адамдар саны қанша?
Қазақстанда "Қазақстан" деп аталған 28 азамат тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
-
Астанада қашан қар жауатыны белгілі болды
"Қазгидромет" болжауынша, Астанада қазан айының соңында қарлы жауын-шашын болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда қай салада айына 10 миллион теңгеден жоғары табыс табуға болады?
Қазақстанда бірнеше мамандық пен лауазымдардың орташа айлық жалақысы 10 миллион теңгеден асады. Бұл Ұлттық статистика бюросының жоғары табыстарға арналған сауалнамасы нәтижесінде белгілі болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Оқушы пышақ жарақатын алды: Министрлік мәлімдеме жасады
БҚО-дағы оқиға бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитеті түсініктеме берді. Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Батыс Қазақстан облысында болған оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шетелдік компанияның заңсыз жер иелігі: 72 гектар мемлекет меншігіне қайтарылды
Алматы прокуратурасы шетелдік компанияның заңсыз пайдаланған 72 гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекет меншігіне қайтаруға қол жеткізді. Сот шешімімен құны 5,9 млрд теңге болатын учаскелер қаланың элиталық бөлігінде заңға сәйкес мемлекетке өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шығыс Қазақстан туризмге жарты жылда рекордтық 13 млрд теңге құйды
Шығыс Қазақстан облысында туризм саласына салынған инвестиция көлемі рекордтық деңгейге жетті. 2025 жылдың алғашқы алты айында аймақ экономикасына 13 миллиард теңге бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда суық су уақытша өшіріледі: толық тізім жарияланды
22 қазан күні Алматының бірнеше ықшамауданында суық су уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады? – Синоптиктер болжамы
"Қазгидромет" мәліметіне сәйкес, 21–23 қазан аралығында Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қостанайдағы подполковник қазасы: Жәбірленушіні оқиға орнында тастап кеткен адамға үкім шықты
Қостанай соты мас күйінде жол апатын жасап, адам өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Аида Балаева қайғылы хабармен бөлісті
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» және «Отан» ордендерінің иегері, профессор, Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының мүшесі Юрий Петрович Аравин өмірден озды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы мен Қаскелең арасындағы кептеліс қашан шешіледі?
Алматы мен Қаскелең арасындағы бірнеше шақырымдық кептелістер шешілуі үшін “Алматы – Бішкек” тасжолының бір бөлігі кеңейтілмек, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада 5 адамның “қуғын-сүргін құрбаны” мәртебесін алу әрекеті әшкереленді
Астанада 5 азамат сот арқылы өздерін “саяси қуғын-сүргін құрбаны” ретінде мойындатпақ болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Көлік көп, жол тар: Астаналықтардың кептеліске қанша уақыт құртатыны белгілі болды
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы қорытынды бойынша Қазақстан жол қозғалысы индексі бойынша Numbeo халықаралық рейтингінде 89 елдің ішінде 44-орынды иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ардагерлері Жетісуда жолдастық кездесу өткізді
Бүгін Жетісу облысында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ардагерлері жолдастық кездесу өтті. Бұл жарыс «Бұқаралық спорт - болашақ жеңістердің бастауы» спорттық іс-шарасы шеңберінде ұйымдастырылды, - деп хабарлайды BAQ.KZ Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қазақстан мен Әзербайжан $1 млрд жолында: Әлиевтің Астанаға сапары не береді
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға мемлекеттік сапармен келді. Бұл – соңғы үш жыл ішіндегі Әзербайжан көшбасшысының Қазақстанға үшінші ресми сапары және ол екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі сенім мен стратегиялық серіктестікті айқын көрсетеді.
-
"Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі" бағдарламасы бойынша грант саны екі есе өсті
Соңғы бес жылда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі архив, кітапхана және кітап ісін дамыту, осы салалардағы кадрлық әлеуетті нығайту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Екі мыңға жуық ауыл мектебі Starlink спутниктік интернетіне қосылды
Қазақстанның шалғай аймақтарындағы интернет қолжетімділігін арттыру мақсатында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта спутниктік интернет 1,7 мыңнан астам ауылдық мектепте жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Қайрат" – "Пафос" матчы: Полиция мәлімдеме жасады
Алматы полициясы "Қайрат" – "Пафос" ойыны қарсаңында қауіпсіздік шараларын күшейтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Жапониядағы Сурдлимпиадада ел намысын 79 спортшы қорғайды
2025 жылғы 15–26 қараша аралығында Токиода XXV Жазғы Сурдлимпиада ойындары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Интернетте қызбен танысып, кездесуге барған алматылық жігіт тоналды
Алматыда полицейлер танысу сайты арқылы тонау жасаған топты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Оқушылардың күзгі каникулы қашан басталады және қанша күн демалады?
Қазақстан оқушыларының күзгі каникулы 27 қазан мен 2 қараша аралығында өтеді. Демалыс ұзақтығы – жеті күн. Бұл уақытта мектептерде «Адал азамат» жобасы аясында тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Шын жанкүйерлер келеді": "Қайрат" ойыншысы билет бағасына қатысты пікір білдірді
Алматылық “Қайрат” қорғаушысы Еркін Тапалов баспасөз конференциясында алдағы Чемпиондар лигасы матчы алдындағы билет сату көрсеткішінің төмендігіне қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандық кино әлемдік экрандарды бағындырып жатыр
Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлттық киноны дамыту және халықаралық деңгейде ілгерілету жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Таза Қазақстан" сенбілігіне 2,5 мыңнан астам адам шықты
Жетісай ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жалпыхалықтық деңгейде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында ауқымды сенбілік өтті. Тазалық шарасына аудан әкімі Серік Мамытов қатысып, сенбілікке атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Полиция күшейтілген режимге көшеді – ІІМ
Ішкі істер министрлігінде орталық аппарат қызметтерінің, полицияның аумақтық бөліністерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің, ведомстволық оқу орындарының басшылары, сондай-ақ Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының командирлерінің қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Декреттегі аналар еңбек демалысына өтініш бере ала ма?
Қазақстанның Еңбек кодексіне сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру тәртібі бала үш жасқа толғанға дейін жүктілік және босану бойынша демалыста болған әйелдерге де қолданылады. Бұл норма аналардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Суға бір ауыл 100 теңге, ал басқасы 1000 теңге төлеуге мәжбүр
Қазақстанда су тарифтерін әділ әрі қолжетімді ету мақсатында жаңа субсидиялау ережелері енгізілді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда судың тарифі арзандай ма?
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда халықты 100 пайыз таза ауызсумен қамту мақсатында елді мекендерде су құбыры жүйелерін салу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әуеде пауэрбанк өртеніп, ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды
Ұшақ салонында пауэрбанк өздігінен тұтанып, қою түтін шыққан.
-
Париждегі Луврдан императорлық тәж ұрланды
Лувр мұражайында Наполеон дәуірінің зергерлік бұйымдары қолды болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мәйіттік донорлық: Мамандар заңды өзгертуді талап етеді
Қазақстанда жыл сайын шамамен 300 адам ағза ауыстыруды күтумен көз жұмады. Олардың өмірін мәйіттік донорлық жүйесі құтқара алар еді, алайда бүгінде мұндай қадамға баруға дайын адамдардың саны аз. Өз еркін білдіргендердің ішінде келісім бергендер 10 пайыздан да аз. Мамандардың айтуынша, бұған сенімсіздік, қоғамдағы қалыптасқан стереотиптер және ақпараттың жетіспеушілігі себеп. Сонымен қатар қолданыстағы заңның жетілмеген тұстары да мәселені ушықтырып отыр. Мәселені қалай шешуге болатынын және не себепті бұл тақырып барған сайын өзекті бола түсіп жатқанын BAQ.KZ тілшісі зерделеп көрді.
-
Әлемде: Гонконгта ұшақ көлікпен соқтығысты, АҚШ Колумбияға көмекті тоқтатты, Трампқа Нобель бұйыра ма?
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
-
Қазақстандықтар қарашада баспаналы бола алады
Қарашада өтінім қабылдау басталады
-
Алматыдағы марафон кезінде 70 жастағы ер адам көз жұмды
Оқиға 2025 жылғы 19 қазанда Іле Алатауындағы таулы марафон кезінде болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Пәтер, көлік, асыл тұқымды жылқы: Халық ақшасын жымқырды деген күдікпен депутат ұсталды
Қаржы мониторингі агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "QazConstructions" ЖШС басшылығына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Тергеу барысында компания өкілдерінің Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы әлеуметтік нысандар құрылысына бөлінген 2 миллиард теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденгені анықталды, деп хабарлайды BAQ тілшісі.
-
Әскери қызметшілерге баспана алу жеңілдей ме?
Әскери қызметшілерге арналған «Әскери баспана» ипотекалық несиелеу бағдарламасы қайта іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ипотека уақытша тоқтады: Тұрғын үй несиелеріне не болып жатыр
Қазан айының ортасынан бастап Қазақстанның ипотекалық нарығы тұрақсыздық кезеңіне тап болды. Бірнеше банк тұрғын үй несиелеріне өтінім қабылдауды уақытша тоқтатты. Кейбірінде ипотека толығымен тоқтаған, ал өзгелерінде — уақытша қолжетімсіз. Бұл жағдайдың себебін BAQ.KZ тілшісі анықтап көрді.
-
"Өзгелерге кеткен триллиондар": Неге қазақстандықтар мемлекеттік инвестициялардан пайда көрмей отыр?
Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев мемлекеттік инвестициялар ағыны туралы ой қозғап, Қазақстанда одан нақты кімдер пайда көріп отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Түркістан облысында тауда адасып кеткен туристер аман-есен табылды
Түркістан облысының Төлеби ауданындағы таулы аймақта Қарағанды облысынан келген төрт турист, оның ішінде екі бала, жолдан адасып қалған. Олар автокөлікпен жүрген және кері бағытты таба алмай қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Петропавлда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам жарақат алды
Петропавл қаласында Yutong маршруттық автобусы мен Lada Granta жеңіл автокөлігі соқтығысты. Оқиға Партизанская және Горький көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Petropavlovsk.news сайтына сілтеме жасап.
-
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 20 қазанда еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мобильді аударымдар: Нені білу керек?
2025 жылы Қазақстанда мобильді аударымдарға қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Бұған дейін тек жеке қажетке қолданылып келген онлайн ақша жіберу енді салық органдарының бақылауына алынды. Кім тексеріледі, қандай жағдайда салық төлеу керек және айыппұл мөлшері қанша? BAQ.KZ тілшісі ережені түсіндіреді.
-
Трамп: Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату режимі әлі күшінде
АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторындағы атысты тоқтату режимі әлі де күшінде екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Air Force One ұшағында журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Екі адам қаза тапты: әуежайда ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кеткен
Ұшақ жердегі көлік құралын соғып, оны су айдынына итеріп жіберген.
-
Astana Think Tank Forum: Қазақстан жаһандық басқару реформасына өз үнін қосты
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев «Поляризациядан серіктестікке: халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру» тақырыбында өткен Astana Think Tank Forum 2025 (ATTF) жұмысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қытай АҚШ-ты ұлттық уақыт орталығына кибершабуыл жасады деп айыптады
Қытайдың Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі Америка Құрама Штаттарының барлау құрылымдарын, соның ішінде Ұлттық қауіпсіздік агенттігін (NSA), елдің ұлттық уақыт орталығының компьютерлік жүйелеріне кибершабуылдар жасады деп айыптады. Бұл туралы South China Morning Post (SCMP) басылымы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Йеменде хуситтер БҰҰ-ның 20 қызметкерін тұтқындады
Йемендегі хуситтер Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) тағы 20 қызметкерін тұтқындап, ұйымның техникалық жабдықтарын тәркілеген. Бұл туралы Associated Press агенттігіне БҰҰ-ның Йемендегі тұрақты үйлестірушісінің өкілі Жан Алам мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Макрон Луврдан ұрланған зергерлік бұйымдардың табылатынына сендірді
Франция президенті Эммануэль Макрон Лувр мұражайынан ұрланған зергерлік бұйымдар міндетті түрде табылып, қылмыскерлердің жауапқа тартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Аурухана дәлізінде жатқан науқастар: Шымкент әкімдігі жағдайды түсіндірді
Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында дәлізде жатқан науқастар бейнеленген видео тарап, қоғамда қызу талқыланды. Бейнежазбада бірнеше пациенттің, оның ішінде баласы бар әйелдің дәлізде жатқаны көрінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar арнасына сілтеме жасап.
-
Зеленский бейбітшілік үшін кез келген диалогтан бас тартпайтынын мәлімдеді
Украина президенті Владимир Зеленский NBC News арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты Ресей басшысы Владимир Путинге қатысты қатаң ұстаным ұстануға шақырды. Сондай-ақ ол алдағы Будапешт саммитінде Ресей президентімен кездесуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ пен Израиль Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынуға қол жинай бастады
АҚШ Конгресі мен Израиль Кнессетінің өкілдері АҚШ бұрынғы президенті Дональд Трампты 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну бастамасын көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Наверх