Все новости за 10 тамыз 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Абайдың 180 жылдығына арналған Домбыра Party-де елорданың мыңдаған тұрғыны бас қосты
Ашық микрофон форматында өткен іс-шара барысында кәсіби және әуесқой домбырашылар күй шертті. 10 тамыз – Абай күні – Нұржол бульварында елорда ұлттық мереке рухына бөленді: қаланың мыңнан астам тұрғыны мен қонақтары ауқымды Домбыра Party-ға келді. Бұл туралы BAQ.KZ «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
-
Жамбылда қорлық көрген балалар ісі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды
Жамбыл облысы Талас ауданында кәмелет жасына толмаған екі баланы жүйелі түрде ұрып-соғу дерегі бойынша аймақ басшысының тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан боксшылары U19 ерлер арасындағы Азия чемпионатында 1 алтын, 4 күміс алды
Таиландтың Бангкок қаласында бокстан U19 санаты бойынша ерлер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Бес отандасымыз финалда бақ сынап, бір алтын және төрт күміс медальға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Күн қайта ысиды". Ел бойынша 11 тамызға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктердің болжамы бойынша, 2025 жылы 11 тамыз, дүйсенбіде Қазақстандағы ауа райын антициклон анықтайтын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Маңғыстаулық спортшы XII Дүниежүзілік ойындардың чемпионы атанды
Бүгін Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында маңғыстаулық спортшы Жәнібек Әбу-Бәкір топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда тамыз айындағы ҰБТ басталды
Бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды, ол 14 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Жақсы әрі мазмұнды": Зеленский Тоқаевпен не туралы әңгімелескенін айтты
Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескенін "жақсы әрі мазмұнды" деп сипаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада 5 мыңға жуық адам қатысқан қайырымдылық жүгіру өтті
Елордада трансплантацияны қажет ететін науқастарды қолдау мақсатында «Juregimnin Jenimpazy» атты жыл сайынғы жүгіру-фестивалі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
180 киіз үй: Қарауылда Абай мерейтойы тойланып жатыр
Қазақстанда Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойы ауқымды көлемде тойланып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ-тан бір миллионнан астам заңсыз мигрант өз еркімен кетті
АҚШ-тан қаңтар айынан бері мыңдаған адам "ерікті түрде елден шығу" бағдарламасы аясында мемлекет көмегімен елінен кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай мерейтойында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Абай Құнанбайұлының мерейтойында мыңнан астам полицей қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент тазы мен төбетті ұлттық бренд ретінде кеңінен насихаттау жөнінде тапсырма берді
Президент тазы мен төбетті ұлттық бренд ретінде кеңінен насихаттау жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбеде дүниеге келген перзенттерге Абай есімі берілді
Ақтөбе өңірінде 10 тамыз – Абай күнінде барлығы 35 ұл мен қыз дүниеге келді. Оның екеуі ұлы ойшыл Абай есімімен аталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекет басшысы Қазақстан кинологтар одағын жетістігімен құттықтады
Президент Қазақстан кинологтар одағын қазақ тазысының халықаралық деңгейдегі жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Абай – әлемдік деңгейдегі тұлға": Президенттің құттықтауын Әшімбаев оқып берді
Абай облысында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Әлиевті құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті АҚШ Президенті Дональд Трамптың белсенді әрі тиімді атсалысуымен Вашингтонда Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу туралы тарихи декларацияға қол қойылуымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай облысында Абайдың мерейтойына арналған салтанатты шаралар өтіп жатыр
Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар легі жалғасуда. Мерейтойдың негізгі шаралары бүгін ақынның туған жері – Абай ауданында өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті
Украина тарапының бастамасымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай өлеңдерін оқудан челлендж өтті
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай зиялы қауым өкілдері арасында ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқудан челлендж өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қолтаңбамыз асфальтта қалды - тас қалаушы
Бүгін – тамыздың екінші жексенбісінде елімізде Құрылысшылар күні аталып өтіледі. Құрылыс саласы – Қазақстан экономикасының негізгі секторларының бірі екені белгілі. Мереке күні BAQ.KZ тілшісі осы салада 33 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келе жатқан маман, жол жұмыстарының бригадирі Ғайдар Жоламановпен сұхбаттасты.
-
Жапонияда турнирден соң екі боксшы көз жұмды
Жапонияда өткен бокс турнирінен кейін екі боксшы қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Астанада Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қатысуымен Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты: екінші әскеридің денесі табылды
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты болған жерден екінші адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
-
Дәрігер ағзаға темір жетіспесе не болатынын айтты
Темір – энергия, мидың жұмысы, иммунитет және жалпы денсаулық тәуелді болатын маңызды микроэлементтер. Бұл ағзаға күнделікті қажет: оттегін тасымалдауға, ДНҚ синтезіне, энергия мен қалқанша безінің гормондарын өндіруге қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Балтиморда жаппай атыс болып, алты адам жараланды
АҚШ-тың Балтимор қаласында жаппай атыс болып, алты адам жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында бес жастағы қыз бала да бар, деп хабарлайды BAQ.KZ ABC News-ке сілтеме жасап.
-
World Boxing: Қазақ қызы алтын медальді жеңіп алды
Бангкокта (Таиланд) қыздар арасындағы (U19) бокстан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сел қауіпті кезеңде мұздақ көлдер бақылауда болады
Еліміздің таулы аймақтарында сел қауіпті кезеңнің белсенді фазасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
World Boxing: Азия чемпионатының ақтық сыны басталады
Бүгін World Boxing аясында Таиландтың астанасы Бангкокта өтетін 19 және 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Иран билігі "Трамп бағытына" қарсы шықты
Иран билігі АҚШ бастамасымен Кавказда жаңа көлік дәлізін құруға үзілді-кесілді қарсы шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абайдың 180 жылдығы: ақынның есімімен байланысты қызықты деректер
Биыл Қазақстанда ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр.
-
Ақтаулық жастар Абай күнін теңізде атап өтті
Ақтау қаласының жастары ұлы ақын Абай Құнанбайұлының мерейтойын Каспий теңізінде атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Құрылысшы: Нақты нәтиженің көзге көрінгені – ең үлкен мотивация
Құрылысшылар күні қарсаңында BAQ.KZ тілшісі Modex зауытының аяқтау-жинақтау цехының шебері Асылхан Бәкеновпен әңгімелесті. Ол кәсіби жолы, цех жұмысының ерекшелігі және өндірістегі сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары туралы айтты.
-
Тоқаев: Абайдың аманатына адал болайық!
Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өтетін салтанатты іс-шараға қатысушыларға арналған құттықтауын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктердің болжамынша, Алматы, Ақтөбе және түнде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болады.
-
Трамп Путин және Зеленскиймен үшжақты саммит өткізуге дайын
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен үшжақты кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді.
-
Бүгін – Ұлы Абайдың туғанына 180 жыл
Қазақ әдебиетінің классигі, ұлттық сөз өнерінің биік шыңы саналатын Абайдың шығармашылығы мен философиялық мұрасы – ұлт руханиятының темірқазығы.
-
Хайуанаттар бағынан қашып шыққан арыстан күзетшіге шабуыл жасады
Чехияның Прага қаласы маңындағы жеке хайуанаттар бағында арыстан қашып шығып, күзетшіге шабуыл жасады.
-
Ұлыбританиядағы әскери-теңіз базасынан радиоактивті су көлге төгілген
Ұлыбританияда Лох-Лонг маңындағы Кулпорт әскери-теңіз қоймасында тозған су құбырларының кесірінен радиоактивті су көлге түскені белгілі болды.
-
Астанада М. Жұмабаев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі
Астанада 11-20 тамыз аралығында Қ. Мұнайтпасов көшесінен Б. Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде М. Жұмабаев көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
-
"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 217 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды.
-
Рекордтық ыстық: Еуропаның оңтүстігінде орман өрті өршіп тұр
Франция, Испания, Грекия және Түркияда өрт сөндірушілер аптап ыстықта орман өрттерімен арпалысып жатыр.
-
Алматы Дженнифер Лопестің шоуына дайын
Алматыда әлемдік поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің көптен күткен концертіне дайындық қыза түсті. Бүгін, 10 тамызда өтетін шоу мегаполистің Орталық стадионында ұйымдастырылады.
-
Парижде ер адам Эйфель мұнарасынан парашютпен секірген
Париж полициясы Эйфель мұнарасына заңсыз көтерілген үш адамды ұстады. Олардың бірі мұнараның жоғары бөлігінен парашютпен секіріп үлгерген.
-
Макрон: Еуропа Украинадағы бейбіт келіссөздерге белсенді қатысуы тиіс
Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропа елдерін Украинадағы қақтығысты реттеу процесіне белсенді араласуға шақырды.
-
АҚШ-та ер адам ChatGPT кеңесінен кейін психиатриялық ауруханаға түсті
АҚШ-та 60 жастағы ер адам ChatGPT-ден алған тағамдық кеңесті орындап, ас тұзын натрий бромидімен алмастырғаннан кейін ауыр улануға ұшырады. Бұл химиялық зат әдетте бассейн тазартқыштары, пестицидтер және ветеринариялық дәрілер құрамында болады.
Наверх