Все новости за 7 қараша 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
С. Бердіқұлов атындағы «Үздік спорт журналисі» байқауына өтінім қабылдау басталды
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті белгілі қаламгер, көрнекті көсемсөз шебері, қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы дәстүрлі байқауға материалдар қабылдау басталғанын жариялады. Байқауға кез келген БАҚ өкілдері спорт тақырыбындағы материалдарын ұсына алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан СІМ-де Венесуэламен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Венесуэла Боливариан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Росальба Ло Буэ Антиконы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО-да ақ балықты уылдырық шашу кезінде аулауға тыйым салынады
Шығыс Қазақстан облысының бірнеше су қоймасында 10 қарашадан бастап 10 желтоқсанға дейін ақ балықтар популяциясын сақтау мақсатында уылдырық шашу кезінде оларды аулауға уақытша тыйым салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада қар күреуге жүздеген жол жұмысшы мен техника жұмылдырылды
Қаланың коммуналдық қызметтері ауысымдық режимде тәулік бойы күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Қар тазалау үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
-
"Қазгидромет" республиканың бірқатар өңірінде ескерту жариялады
Синоптиктер ертең, 8 қарашада Қазақстанның 19 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Реновация Астанаға қандай өзгеріс әкеледі
Елордада ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы аясында апатты үйлерді бұзу және елорда тұрғындарын жаңа тұрғын үйлерге көшіру қарастырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылорда пробация есебіндегі 73 сотталған түзеу мекемесіне жіберілген
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аудандық, қалалық пробация қызметінің есебінде 1000-нан астам азамат пробация бақылауында тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кувейт Ливанға гуманитарлық көмек жіберді
Кувейт билігі Ливанда қақтығыстан зардап шеккен халыққа әуе көлігі арқылы көмек жөнелтті, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
-
Елордалық ТЖД тұрғындарға үндеу жолдады
Астанада қатты жел мен бұрқасын жалғасуда. Қалалық ТЖД жүргізушілерден қозғалыс кезінде өте сақ болуды сұрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әскери қызметшілер Әзербайжанда теңіз арнайы күштерінің курстарынан өтті
Әзербайжан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімдерінің бірінде теңіз арнайы күштерінің арнайы курсынан өткен әскери қызметшілердің оқуды аяқтауға арналған рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 885 мыңнан астам мүгедектігі бар адам қызмет алды
2024 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 770,7 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 8,6 мың – ымдау тілі қызметін, 26,6 мың – жеке көмекшінің, 80 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ТЖМ құтқарушылары тұрғын үйді өрттен қорғап қалды
Степногорск қаласы Бестөбе кентінде 60 тонна шөп жанып, өрт жеке тұрғын үйге жапсарлас салынған шаруашылық құрылысына ауысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
-
СҚО-да полицейлер мас жүргізушіге қатысты жария сот ұйымдастырды
Мамлют ауданында көлікті мас күйде жүргізгені үшін жүргізуші куәліктерінен айырылған азматтарды полицейлер сот отырысына шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Алматыда жаңа бейнекамералардың көмегімен қауіпсіздік күшейтіледі
Алматыда жыл соңына дейін 50 мың бейнебақылау камерасын бірыңғай бейнебақылау жүйесіне (ББЖ) қосу жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Өткен тәулікте ТЖМ құтқарушылары 35 адамды құтқарды және эвакуациялады
Ауа райының күрделілігіне байланысты ТЖМ бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ІІМ-де алаяқтықтың түрлері туралы айтылды
Биыл 10 айда 17 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола облысында полиция 700-ден астам көлікке жол бастап жүрді
Ақмола облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты полицейлер 700-ден астам көлікке жол бастап жүрді,деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экология туралы келісімді ратификациялады
Президент Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте 2 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Шымкент қаласынында нысаналы мақсатта пайдаланылмаған жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ АШМ-ға сілтеме жасап.
-
Президент Сергей Лавровты қабылдады
Мемлекет басшысы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Негізсіз ұсталған салық. Мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына 2 млн теңге қайтарылды
Жетісу прокуратурасы негізсіз ұсталған салықты мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына қайтарып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада кәсіпкерлер мәселелері көтерілді
Астанада “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының алдын ала съезі мен съезі өтті, деп хабарлайды BAQ.
-
Астанада сол жағалауда жылу мен ыстық су өшеді
Ертең Астанада сол жағалауда жылу мен ыстық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан облысында полицейлер 16 млн теңге қарызы бар жүргізушіні анықтады
Полицияға республикалық маңызы бар Шымкент – Самара тасжолында іздеуде жүрген Haval көлігінің банк есебіне өтелмеген 16 миллион теңгеден астам қарызы бар екені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Оқушыларға арналған "Қауіпсіз интернет" республикалық байқауы басталды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Өркен» ҰҒПБМ мектеп оқушыларына арналған «Қауіпсіз интернет» республикалық байқауын бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Испанияда тасқыннан кейін 90-нан аса адам жоғалып кетті
Испанияда су тасқынынан кейін 90-нан аса адам ұшты-күйлі жоғалып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
-
Ержет Жарылқасын әлемдік рейтингте көш басына шықты
Ержет Жарылқасын әлемдік рейтингте көш басына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қоларбадағы жандардың қамқоршысы
Астана тұрғыны Нұрлыбек Бердібаев 4 жылдан бері мүгедектердің қоларбаларын тегін жөндеумен айналысып келеді.
-
Үй кезегіндегі 62 мың жетім баланың тек 809-ы ғана баспаналы болды
Мемлекет тұрғын үй, білім алу және жұмысқа орналасу кезінде жетім балаларға жеткілікті түрде қолдау жасай алмай келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат ауылдардағы пошта бөлімшелерінің жабылуына алаңдаушылық білдірді
Сенатор Амангелді Нұғманов Ақтөбе облысының шағын ауылдарындағы пошта бөлімшелерінің жабылуына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде екі қант зауыты салынады
Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова елімізде 2 қант зауыты салынатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада бірқатар әуе рейсі кешіктіріліп жатыр
Астана халықаралық әуежайынан ұшып кетуге жоспарланған 80 рейстің алтауы және ұшып келуі тиіс 82 рейстің алтауы кідіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
-
Болашағын IT саласымен байланыстырған жастар көп – Мұхит Кемелов
Қалалық Жастар ресурстық орталығында «SHYMKENT IT HUB – МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ» атты форум өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ
-
Су тасқыны: 2025 жылға 1110 км қорғаныс бөгеті салынып, нығайтылды
Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті министрлер мен өңір әкімдерінің қатысуымен 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Фоторепортаж: Алматыда қуыршақтар көрмесі ашылды
Мемлекеттік орталық музейінде авторлық қуыршақтар мен Тедди қонжықтарының халықаралық көрмесі өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде азық-түлік өндірісі артып келеді
9 айда 2,4 трлн теңгеге азық-түлік тауарлары өндірілді. Бұл туралы Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Есірткі жасырушылардың жазасы ауыр емес пе – судья жауап берді
Жоғарғы соттың судьясы, Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов "елімізде есірткі жасырушыларға жазаны жеңілдету керек пе?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенатор қазақ футболының басты мәселесін айтты
Сенаттың жалпы отырысында сенатор Дархан Қыдырәлі Қазақстан футболына шетелдік легионерлерді тарту проблемасын, қаржыландырудың ашық еместігі және төрешілердің матч нәтижелеріне қатысты даулы шешімдері мәселелерін қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат Курчатовқа ғылым қалашығы мәртебесін беруді ұсынды
Андрей Лукин өзінің депутаттық сауалында Ядролық ғылым орталығы болып табылатын Курчатов қаласының проблемалары туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Грантты саралап беру мамандарды даярлаудың сапасына кері әсер етпей ме?
Сенатор Амангелді Толамисов өзінің депутаттық сауалында жоғары оқу орындарының «лигасына» байланысты студенттік гранттар берудегі проблемалар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
155 төрешіні оқыту деңгейі жоғары стандарттарға сәйкес келмейді – депутат
Ұлттық құраманың бас бапкерінің айлығы неге құпия
-
Балабақша мәселесі: Депутат ваучерлік қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев ваучерлік қаржыландыру механизмін тоқтатуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қонаевта жарылған құбыр жөнделіп, тұрғын үйлерге жылу беріле бастады
Алматы облысы Қонаев қаласындағы №2 шағын ауданындағы тұрғын үйлерде жарылған құбыр жөнделді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
СҚО-да полицейлер үлкен көлемде есірткі жасырған көкшетаулықты ұстады
Көкшетау қаласының 24 жастағы тұрғыны СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің назарына ілікті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Республикалық маңызы бар күре жолдарда 12 отандық технология сынақтан өтуде
Көлік министрлігі жол құрылысы саласына жаңа технологияларды енгізу жұмысын тұрақты негізде жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бектенов Ринат Зайытовтың сауалына жауап берді
Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың еліміздің аумағында ЛБГТ-бірлестіктерінің қызметін шектеуге қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жезқазғанда жалпы құны 2,6 млрд теңгеден асатын 6 конкурстың күші жойылды
Жезқазған қаласының прокуратурасы тұрақты негізде мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама нормаларының сақталуына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Карағандыда қар тазалау жұмыстарына 150-ден астам арнайы техника жұмылдырылды
Бүгін Карағанды жолдарына қар тазалау және көктайғақпен күресу үшін 150-ден астам арнайы техника шықты. Жұмыс екі ауысыммен жүргізілетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатын сәтсіз бастады
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Алматыда болып жатқан Азия чемпионатының алғашқы ойынында жеңіліс тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Шымкентте полиция қызметкері қыздың өмірін сақтап қалды
Шымкент қаласы патрульдік полиция полкінің қызметкері көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Денсаулық сақтау саласына инвестицияның өсуі – реформалардың нақты нәтижесі
Бұл туралы "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ өңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығының директор орынбасары Динара Мукушева аталған институттың Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодарда әйелдің үстіне ағаш құлап, мерт болды
Павлодар облысында қатты желдің салдарынан ағаш құлап, жанынан өтіп бара жатқан әйелді басып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп сайлаудағы жеңісінен кейін алғаш рет мәлімдеме жасады
АҚШ-тағы президент сайлауына Республикалық партия атынан қатысып, жеңіске жеткен Дональд Трамп Флорида штатындағы Палм-Бичте алғашқы мәлімдемесін жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
-
Шайбалы хоккей бойынша мемлекеттік сатып алулар жасалмайтын болды
Астана қаласының Есіл ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу сомасын негізсіз асыра бағаланғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Алтын Дала» бастамасы әлемдік деңгейдегі экологиялық сыйлықты жеңіп алды
Қазақстанның дала экожүйелерін қорғауға бағытталған «Алтын Дала» бастамасы 2024 жылғы The Earthshot Prize экологиялық сыйлығының «Табиғатты қорғау және қалпына келтіру» номинациясында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде 20-дан астам судья жауапкершілікке тартылды
Бұл туралы Сенат отырысында Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қонаевта құбыр жарылып, тұрғындар жылусыз қалды
Алматы облысы Қонаев қаласындағы №2 шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде құбыр жарылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
ҰҚК Алматы облысындағы кезекті есірткі зертханасын жойды
Есірткі затын дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ағылшын және қытай тілдерін білетін жігіт өрт сөндіруші болып қызмет етеді
Бүгін біз қоғам қауіпсіздігі мен адам өмірін сақтауда маңызды рөл атқаратын батыр жандардың бірі – өрт сөндірушімен сұқбаттасамыз. Өрт сөндірушілер қауіпті жағдайларда бірінші болып көмекке келіп, адам өміріне араша болатын мамандардың бірі. Олар тек физикалық күшпен ғана емес, батылдық пен шыдамдылықты қажет ететін жауапты қызметті атқарады. Бүгінгі кейіпкеріміз бұл кәсіптің қыр-сыры, қиындықтары мен қызықтары жайлы айтып береді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада екінші ауысымдағы 9-сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтан оқиды
7 қарашада Астанада ауа райының күрт бұзылуына байланысты 0-9 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Депутаттар Қаржылық мониторинг агенттігімен заңнаманы жетілдіру мәселесін талқылады
Мәжіліс депутаттары ҚМА өкілдерімен кездесу аясында кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылда талдамалық құралдарды қолдану мүмкіндіктерімен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тығырыққа тірелген Украина-Ресей қақтығысын аяқтау керек – АҚШ сенаторы
АҚШ-тың сенаторы Марко Рубио Украинадағы қақтығысты тоқтату керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Today телеарнасына сілтеме жасап.
-
Өзбекстанда таудан домалап түскен тас көлікті адамдарымен бірге мыжып тастады
Өзбекстанда таудан үлкен тас домалап, жолда кетіп бара жатқан Chevrolet Cobalt көлігін адамдарымен бірге мыжып тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
-
Еліміздегі валюта бағамы қандай екені белгілі болды
Ұлттық банк 7 қарашаға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміздің екі өңірінде жайлы мектеп ашылды
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қостанай облысының Арқалық қаласында және Жамбыл облысының Тараз қаласында тағы екі жайлы мектеп ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мектеп психологтары баламен қалай жұмыс істейді
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан еліміздегі педагог-психологтардың балалармен жұмысы жайлы айтып, бала тәрбиесіндегі маңызды қадамдарды атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
«Шығыс» корпоративтік қорының басшысы 115 млн теңге "ұрлап" алған
Қазақстандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысы әшкереленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлыбританияда маймыл шешегінің жаңа штамы таралып жатыр
Британдық денсаулық сақтау өкілдері алғаш рет Конгода табылған маймыл шешегінің жаңа штамын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамптың инаугурациясы қашан өтетіні белгілі болды
АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамптың ұлықтау рәсімі 2025 жылы 20 қаңтарда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Екі өңірде жабылған жолдар ашылды
Еліміздің бірнеше өңірінде күн райының бұзылуына байланысты жолдар жабылған болатын. Екі өңірде жабылған жолдар қайта ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
-
Маңғыстауда теңіз жаяу әскерлерінің жас сарбаздары танк жүргізіп, сынақтан өтті
Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында теңіз жаяу әскерлері бригадасын толықтырған жас жауынгерлер танк жүргізіп, сынақтан өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
-
Қар, боран: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
7 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде күн райының күрт суытуына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Ақтөбеде қар құрсауында қалған 4 адам құтқарылды
ТЖМ қызметкерлері қар құрсауында қалған 4 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымындағы төрағалығын аяқтады
Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) 11-ші саммиті қарсаңында Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
-
WTA: Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
Қазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина Эр-Риядта(Сауд Арабиясы) болып жатқан WTA қорытынды турнирінде үшінші матчын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
-
Елордалық өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Астанада өрт сөндірушілер өрттен 2 оттегі баллонын алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Төтенше жағдайлар министрлігі елімізде күн райының суытуына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
-
Астанада 7-сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтан оқиды
7 қарашада Астанада ауа райының күрт бұзылуына байланысты 0-7 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміз жасыл авиаотын өндіреді
Алматыда Қазақстандағы ИКАО апталығы аясында ACI EUROPE "Green Airports" компаниясымен бірлесіп ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік семинары өтуде.
Наверх